Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

«Мөлдір» қоры мұқтаж жандарға көмектесті

Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен аталған сала қызметкерлерінің атсалысуымен «Мөлдір» қайырымдылық қоры құрылған болатын.

Рая Мінап
Шілде 31, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
«Мөлдір» қоры мұқтаж жандарға көмектесті
113
қаралым

Әлемді пандемия жайлап, коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны артып, карантин шарасы енгізілгелі адамдардың өмір сүру салты өзгеріп, тиісті жұмыстарына шыға алмай отыр.

Бұл өз кезегінде адамдардың әл-ауқатына және тұрмыс-тіршілігіне кері әсерін тигізбей қоймады. Осындай сын сағатта күнделікті нәпақасынан айрылып, не істерін білмей, әрі-сәрі күйге түскен жандарға қайырымды азаматтар қолұшын созып, жәрдем етуде. Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, Алматы қаласы Алатау ауданының қолдауымен көпбалалы аналар мен әлеуметтік ахуалы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды. Бұл шараға Наурызбай ауданының еріктілері жұмылдырылды.

«Барлық азық-түліктер жеткілікті мөлшерде берілді. Май, сүтімізден бастап күнделікті қажетті дүниенің бәрі бар. Қазір карантин уақыты, осындай көмек бізге дер кезінде жетті. Ұйымдастырушыларға шынайы рақметімді айтамын», – дейді көпбалалы ана Алтынай Беймырзанова.

Қазіргі таңда Алатау ауданының 20 жанұясы азық-түлікпен қамтылып отыр. 25 келіні құрайтын азық-түлік себетінде ұн, шай, күріш, сұйық май және тағы басқа өнімдер бар.

Жалғысбасты анаға көмек көрсетіледі

Иесіз ит-мысық: қорғау керек пе, қорғану керек пе?

Балаларға қуаныш сыйлады

Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен аталған сала қызметкерлерінің атсалысуымен «Мөлдір» қайырымдылық қоры құрылған болатын. Әлемді жайлаған пандемия кезеңіндегі сындарлы шақта көмекке мұқтаж жандарға қолұшын созу мақсатында құрылған «Мөлдір» қайырымдылық қоры осымен игі шараның екінші легін жалғап отыр. Бұл шараға Мәдениет және спорт министірлігінің қызметкерлері мүмкіндігінше өз есептерінен қаржы қосты. Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, мұқтаж жандарға көмек көрсету жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Олар медициналық қорғаныс құралдарын тігіп, оны қаладағы ауруханаларға тегін таратуды көздеп отыр. «Мөлдір» қорына мәдениет, спорт, туризм саласына қатысы бар азаматтар әлі де қаражат жинауда.

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ

 

 
Тегтер: көмекҚорМөлдір
Алдыңғы жаңалық

Әйелі мен екі қызын өртеп жіберген қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты

Келесі жаңалық

650 дәріхана дәріні қымбаттатып сатқан

Ұқсас жаңалықтар

Хатира Сейдахметова
Әлеумет

Жалғыз аяқпен көлік тізгіндеген келіншек

Наурыз 6, 2021
журналист
Әлеумет

«Журналист» полковник

Наурыз 6, 2021
Конституция
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Конституция – тәуелсіздікті нығайтқан құжат

Наурыз 6, 2021
ауыр жұмыс
Әлеумет

Ауыр жұмыстағы аналар

Наурыз 6, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жалғыз аяқпен көлік тізгіндеген келіншек

Наурыз 6, 09:00

«Журналист» полковник

Наурыз 6, 08:45

Конституция – тәуелсіздікті нығайтқан құжат

Наурыз 6, 08:30

Ауыр жұмыстағы аналар

Наурыз 6, 08:15

Әйелдер басымдық еткен бизнес

Наурыз 6, 07:45

Шымкентте Абайдың шөбересі бар

Наурыз 6, 07:30

Қоғамдық-саяси өмірдегі әйелдер әлеуеті

Наурыз 6, 07:15
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Хатира Сейдахметова

Жалғыз аяқпен көлік тізгіндеген келіншек

Наурыз 6, 2021
журналист

«Журналист» полковник

Наурыз 6, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»