Crew Dragon ғарыш кемесінің астронавтары бүгін түнде жерге оралады
Crew Dragon ғарыш кемесінің астронавтары бүгін түнде жерге оралады
фото: ашық дереккөз
166
оқылды
Crew Dragon кемесінің қонуы 2 тамызда  Нұр-Cұлтан уақыты бойынша 3 тамызда 00:41-ге жоспарланған. Флорида штатының Пенсакола жағалауында суға қонуы мүмкін. Мексика шығанағы Пенсакола жағалауына қонады деп жоспарланған. Тікелей трансляцияны NASA америкалық ғарыш ведомствосының сайтынан, сондай-ақ SpaceX сайтынан көруге болады. Бұған дейін 31 мамырда Crew Dragon ғарыш кемесінің ұшқаны туралы хабарланған болатын . Ол соңғы тоғыз жылда АҚШ-та шығарылған және оның аумағынан ұшырылған алғашқы ғарыш кемесі болды. Халықаралық ғарыш станциясына барған америкалық астронавттар Даглас Херли мен Роберт Бенкен 31 мамырдан бері екі ай бойы ғарыш станциясының экипаждарының құрамында жұмыс істеді және ондағы миссиясын аяқтады. Илон Маск компаниясы сайтының жазуынша, 2020 жылдың 2 тамызында Мәскеу уақытымен сағат 02:34-те NASA астронавттары Даглас Херли мен Роберт Бенкенмен бірге Crew Dragon (Endeavour ) кемесі ХҒС-да түйісті.