Тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді
Тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді
© kabar.kg
292
оқылды
Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің "Нұр-Сұлтан" экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында "Астана Раушан кассасы айналымы" деп аталатын қаржы пирамидасының заңсыз әрекеттерін жолын кесті.
- Бұл пирамиданы алдау арқылы жеке адамдардан ақша тартқан елорда тұрғыны 2020 жылдың қаңтарында құрған. Қаржы пирамидасы құрылған сәттен бастап Қазақстан Республикасының мыңнан астам азаматы оның құрығына ілінген, - деп хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 217-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша (ірі көлемдегі ақшаны пайдаланатын пирамида схемасын құру және басқару) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жоғарыда аталған пирамиданың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендерден Нұр-Сұлтан қалалық экономикалық тергеу департаментіне (Желтоқсан көшесі, 43, тел 31-61-45, ұялы тел. 8-701-218-5318, 8-701-888-9316) хабарласу сұралады.