Бақытбек Смағұл, Мәжіліс депутаты: Бірлік пен саяси тұрақтылық керек
Бақытбек Смағұл, Мәжіліс депутаты: Бірлік пен саяси тұрақтылық керек

Бірінші кезекте, қазір Қа­зақ­стан алдында әлемдегі ең озық 30 елдің қата­рына қосылу үшін жаппай жұмылу міндеті тұр

– Елбасы Н.Назарбаевтың тө­ра­ғалығымен өткен Nur Otan пар­тиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген оты­рысында партия жұмысын жаң­ғырту, қайта жан­дандыру жайы айтылды. Осыған бай­ла­нысты көшбасшы партия алдында қан­дай міндеттер тұр?

– Бірінші кезекте, қазір Қа­зақ­стан алдында әлемдегі ең озық 30 елдің қата­рына қосылу үшін жаппай жұмылу міндеті тұр. Осын­дай жұмылу бар ма? Жа­сыра­­тыны жоқ, бүгінде халық ара­сында билік­тің кейбір істерін сыни тұрғыдан қайтадан електен өткізу үдерісі жүруде. Егер елдік ұлы мұраттар жолында жұрты­мыздың басы қосылмаса, ісі үй­лес­песе, Қазақстан дамыған елге айналмақ түгіл, өркендеуде арттап қалып, өркениет көшінің шетіне шығарып тасталады. Онда қазіргі күніміз арманға айналмақ.

Бұл тұрғыда Елбасы ел дамуы­ның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін партиямыздың қоғамды жұмылдыру үдерісінде маңызды рөл атқаруға тиісін баса айтты. Ендеше, Nur Otan қоғам­ның тамыр бүлкілін тап басып, уақыт пен заман тынысын дәл та­нығаны, қазақстан­дықтарды алаң­дататын, олардың нара­зы­лығын туғызатын мәселелерді уа­­қытында анықтап отырғаны маңызды. Бұл – оның «халыққа бағ­дарланған нақты істер пар­тиясы» ретіндегі мәртебесін ары қарай сақтауының басты бір шар­ты.

Сонымен қатар, ел таңдаған стра­­тегиялық бағыттың сабақтас­тығын қамтамасыз ету үшін баршамыз партия маңына топта­суымыз қажет.

Nur Otan партиясының ат­қару­шы билікке қуатты ықпал ету тетіктері бар. Ол халық сұранысын іске асыру, елді дамыту, бұқараның тұрмысын жақсарту жолында сол тетіктерді ұтымды пайдалануы керек және қолданады да. Барлық партиялық бастама, сайлауалды уәделер орындалуы үшін ол Үкі­метпен бірлесіп, қызу жұмыс жүр­гізуі тиіс.

Сонымен бірге, ешбір партия ат­қарушы билікті, яғни Үкіметті ал­мастыра алмайды және оған тырыс­пауға тиісті. Демек, пар­тия­ның және Nur Otan парламенттік фракцияның міндеті – халық пен билік арасындағы алтын көпірге ай­налу, ашық диалог үшін лайық­ты алаңдар құру болмақ. Осы мақ­сатта біз, нұротандық депутат­тар, заманауи технологияларды, әлеуметтік желілерді кеңінен пай­далануға ден қойдық. Нә­ти­жесінде, қазір ауыл-аймақтағы сай­лаушыларымыз елордаға келу­ге уақыт жоғалтпай, Үкімет пен Парламент табалдырығын тоз­дыр­май, бюрократиялық кедергі­лерге жолықпай, Facebook арқы­лы бізге тікелей жүгіну, мазалаған мәселелерін жеткізу мүм­кіндігіне ие болды.

– Бірқатар азаматтар билік өкіл­дерінің Facebook, Twitter және басқа әлеуметтік желілердегі па­рақ­шаларына, жеке блог­тарына жолданған шағым-өтініштеріне сыр­ғытпа, жалтарма жауап алаты­нына шағымданады. Депутаттар төл парақша­ларын көзбояу үшін ашып жатқан жоқ па? Өзіңіз қан­дай мәселелерді шеше алдыңыз?

– Әр адам жеке әлем ғой. Сон­дықтан олардан келіп түсетін арыз-шағымдар да әртүрлі. Негізгі мәселелер көпбалалы отбасыларға жәрдемге, баспана түйт­кілдеріне, жұмыс іздеуге, жемқорлықпен күрес жайына қатысты болып ке­леді. Сарапшылармен бірге сара­ла­дық, сонда анықталғандай, әлеу­меттік желі арқылы тек бір ап­та ішінде өз атыма келіп түскен мың­ға жуық хат-хабардағы айтыл­ған мәселелердің 80 пайыздан ас­тамы шеші­мін тауыпты. Азамат­тарға заңнамаға қатысты кеңес, ұсыныстар берілді. Пси­хология­лық қолдауға мұқтаж жандарға сөзбен демеу жасауға тырыстым.

Жалпы, ел басшылығының бас­та­масымен билік халықпен өзара іс-қи­мылдың жаңа фор­ма­тына көшіп жатқаны мәлім. Ол қазақстандықтардың сұранысына жедел үн қатуды, жан-жақты тү­сіндірме жұмыстарын жүргізуді, әлеу­меттік желілерде белсенді жұ­мыс жасауды, кері байланысты жол­ға қоюды және басқасын қам­тиды. Мәселен, министрлер, орта­лық меморгандар басшылары мен олардың орынбасарлары да депутаттар секілді әр жыл орта­сында ауыл-аймаққа сапарлап, көшпелі есеп беру кездесулерін өт­кізіп тұрмақ. Бұл жиындар «жер­гілікті актив» деп аталатын аз шо­ғыр топтың қатысуымен жа­бық сипатта өтпеуі үшін әлеу­меттік желілерде және ақпараттық пор­талда онлайн-таратылым ұйым­дастырылады. Мұның сыр­тында сол кездесулерде жергілікті жұртшылықты толғандырған әрі орталық атқарушы органдар деңгейінде шешілетін өңірдің өзекті мәселелері талқыланып, бақылауға алынуы тиіс болады. Басқа да жаңалықтар алда өмірге енуі тиіс. Осының бәрі биліктің халықпен ынтымақтасуға нық ыңғай білдіріп, ынта-ықылас танытып отырғанын білдіреді.

Әйткенмен, қойылған жаңа мін­деттер орындалуы, еліміз мынау алмағайып заманнан, ал­дағы ұлан асу, биік белестерден абыроймен өтуі үшін бізге бірлік пен саяси тұрақтылық керек. Ол ұлттық өрлеуіміздің ұстыны болады. Бұл ретте Nur Otan пар­тиясына тұрақтылық пен өрлеуді қамтамасыз ету жүктелген. Пар­тияда мұны атқаруға қажетті бар­лық ресурс бар деп санаймын. Әри­не, тұрақтылық деген бір орын­да тұруды, жүйені еш өз­герт­пей, консервациялап тас­тауды білдірмейді. Керісінше, Nur Otan барша саяси өзгеріс­тердің алдың­ғы шебінен табылуы, дәл соның партиялық алаңқай­ларын­да елдің саяси күн тәртібі қалыптасуы тиіс.

– Әңгімеңізге рақмет!

   

Сұхбаттасқан 
Айхан ШӘРІП