Құс – еркіндіктің белгісі

Құс – еркіндіктің белгісі

24 тамыз күні Ақмола облысы Қорғалжын ауылында «Ұлы дала мәдениетіндегі құстар сиволизмі» атты фестиваль өтті.


Бұл фестиваль – Тұңғыш Президент қоры әлеуметтік идея байқауының жеңімпазы. «Осы жоба – 2018 жылдың жа­рық жұлдызы. Себебі, фес­ти­ва­ль балалардың тазалық­қа деген дүниетанымын өзгертіп, жас­тар­ды тәрбиелеуіне атсалысады. Заманауи замандағы маңызды фактордың бірі» дейді Тұңғыш Президент қорының бас коор­ди­наторы Гүлнар Ершиманова.




Негізі, осы уақытқа дейін 250-ден астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылған екен. Оның мақсаты – ұлттық мәдениетті на­сихаттап қана қоймай, өске­лең ұрпақты рухани дүниеге жақындату, ұлтшылдық рухын қалыптастыру.

– Мұндай фестивальді ұйым­дастыру осыдан 2 жыл бұ­рын пайда болған. Орнито­ло­гия­лық орталықты ашқаннан ке­йін, мәдениетпен байла­ныс­тыр­ғымыз келді. Себебі, құс – қазақ халқының символы. Өйт­кені ата-бабамыздан құс ер­кін­діктің, азаттықтың белгісі ре­тінде санамызға сіңіп кеткен. Сол секілді қазақ халқы да ерік­ті, еркін екенін көрсеткіміз келді. Ол қазақтың өнерінде де, салтында да, спортта да бар. Бірақ бүгінгі өскелең ұрпақта сол байланыс жоғалып бара жат­­­қан секілді. Осыны біз жа­ны­­­мызға жақын өнер, шы­ғар­машылық, мәдениет арқылы ғана тарта аламыз. Сонда жас­та­рымыз табиғатты қорғау­ға, экологияны сақтауға ұмтылады. Міне, жастармен жұмыс істей алатын құрал – осы, – деді «Қор­ғалжын» экологиялық обсерваториясының директоры Құралай Айтқабылқызы.


Биыл екінші рет өткізіліп отырған фестивальге 10 мен 25 жас аралығында мың жарымға жуық бала қатысты. Оның ара­сында мүмкіндігі шектеулі жандар мен ата-анасының қам­қо­рынсыз қалған балалар да бар. Шара барысында аудан әкі­мінің орынбасары Мадияр Амангелдинов сөз сөйлеп, ұйым­­­дас­тырушыларға ризашы­лы­­ғын білдірді.

 Оның айтуын­ша, фестиваль осыдан үш күн бұ­рын басталған екен.

«Қор­ғал­жын» қорығында семинар өтіп, оған Ресей, Өзбекстан, Тәжік­стан, Қыр­ғызстан елдерінен қатыс­қан болатын. Одан басқа күні кеше аудандағы Нұра өзе­нін­де жарыс өтіп, бұған рес­пуб­лика бойынша 7 команда қа­тыс­қан. 

Осының бәрі Қор­ғал­жынды көтеру, еліміздегі туризм сала­­сын дамыту масқатында жаса­лып жатыр. Бастысы, бұл фес­тиваль біздің ауданнан бастау алып жатқаны үлкен мақта­ныш», –   дейді ол.

Ашылу салтанатынан кейін Тұңғыш Елбасының қоры «Мектепке жол» жалпыұлттық акциясына орай жергілікті 500 балаға мектеп сөмкесі мен спорт­тық киім берді. Қызығы, мек­теп сөмкелері жарық шағы­лыс­тыратын элементтер­мен жабдықталған екен.


Фестивальге 150 шақты бала қатысып, 6 алаң бойынша жас­тар өнер көрсетті. Атап айт­қан­да, бейнелеу өнері, декоративті-қолданбалы өнер, вокал, би, аспапта ойнау және сахна өнері. Кеш соңында гала концерт бо­лып, жеңімпаздар мара­пат­тал­ды. Сонымен қатар, Қырғыз елінен, Новосібірден кел­ген қонақтар арнайы бағ­дар­лама­мен шығып, өнер көрсетті.

 

– Нұрғиса Тілендиевтің «Құ­с­тар» әнін орындап шық­тым. Мұндай байқауға қатысып, 14 үміткердің ішінен жеңімпаз бол­ғаныма қуаныштымын. Бола­­шақта опера әншісі бол­ғым келеді. Жастарды қолдап, олардың өсуіне мүмкіндік бере­тін осындай байқаулар көбейе берсе, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді байқаудың вокал бо­йын­ша жеңімпазы Әділ Сұлтан.