Қостанай облысында ер адам полиция қызметкерінің құлағын қыршып алды
Қостанай облысында ер адам полиция қызметкерінің құлағын қыршып алды
© superomsk.ru
145
оқылды
Қостанай облысында полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету жағдайлары жиілеп кетті. Бұл туралы арнайы брифингте Жеке қауіпсіздік басқармасының басшысы Жәнібек Камзенов мәлімдеді, деп хабарлайды  "Алау" басылымы. Әулиекөл ауылында ВАЗ 2110 көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушысы карантин режимін бұзған. Ұстау кезінде олар белсенді түрде қарсылық танытып, көліктегі жолаушы полиция қызметкерінің бірінің құлағын қыршып, бір бөлігін жұлып алған. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігі - Билік өкіліне зорлық-зомбылық қолдану бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Камзеновтың айтуынша, жыл басынан бері полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетудің 9 фактісі тіркелген. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшіні қорлаудың 45 фактісі тіркелді. Ол бұл әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске салды. Полицияның әрекеттерімен келіспеген жағдайда сіз 54-42-47- сенім телефонына немесе 102 нөміріне хабарласуыңыз керек.