Жамбыл облысында терезеден құлаған бала екі күн бойы далада жатқан
Жамбыл облысында терезеден құлаған бала екі күн бойы далада жатқан
133
оқылды
«НеМолчи.kz» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде Жамбыл облысында болған оқиға туралы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл оқиға туралы оған баланың сыныптастарының әпкесі хабарлаған. Терезеден құлаған он жастағы бала 2-3 жыл бұрын қамқоршыларға берілген.
«Олар баланы үнемі аш қалдырып, ұрып-соғады екен. Қараңғыға қамап, күні бойы ассыз, сусыз да қалдырыпты. Әлеуметтік қызмет өкілдері де, басқа жауаптылар да бақыламаған. Баланы бірнеше күн ата-анасы емес, мектеп іздеген. Белгілі болғандай, ол екінші қабаттың терезесінен секірген немесе оны итеріп жіберген. Бала құлаған жерінде 2-3 күн бойы ағаштың түбінде жатқан. Тіпті, көмекке шақыруға да қорыққан. Қазір бала ауруханада жатыр. Оған операция жасалады», - деп жазылған хатта.
Оның айтуынша, балаға сынып жетекшісі мен сыныптастарының ата-анасы тамақ апарып береді, ал баланың қамқоршылары әкелінген тамақты үйіне алып кетеді екен.