Балалардың құқығын қорғау үшін «111 жедел қызмет» байланыс орталығы іске қосылады
Балалардың құқығын қорғау үшін «111 жедел қызмет» байланыс орталығы іске қосылады
376
оқылды
Қыркүйекте Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес жанындағы «111 жедел қызмет» байланыс орталығы өз жұмысын бастайды. Бұл туралы Балалар құқығын қорғау бойынша республикалық кеңес төрайымы Динара Закиева Facebook-тегі парақшасында хабарлады. 
"Қымбатты достар! Бірнеше ай бойы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша екі маңызды жүйелік шешімді енгізу бойынша, атап айтқанда, барлық өңірлерде қиын өмірлік жағдайдағы және зорлық-зомбылыққа тап болған отбасыларды анықтау жөніндегі жедел топтарды ұйымдастыру, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес жанынан «111 жедел қызмет» байланыс орталығын ашу жұмыстары жүргізілді және бүгін біз оның қыркүйек айында өз жұмысын бастайтынын қуана хабарлаймыз", - деп жазды ол. 
 
Динара Зәкиеваның айтуынша, жылына балаларға қатысты 2000 астам қылмыс жасалады, оның 700 жуығы жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың 60% отбасында болады.
Әр қылмыс санының артында баланың бүкіл өмірі тұрады.
"Әрқайсымыз "111" нөміріне уақытында хабарласып, балалардың қорғаушысы бола аламыз және болуымыз керек. Әдетте, тергеу кезінде куәгерлер болғаны белгілі болады. Айналадағылар, көршілер болып жатқан келеңсіз жағдайларды байқаған кезде оны түсінбей, не істеу керектігін білмегендіктен араласқысы келмейді", - дейді ол. 
Оның айтуынша, ер балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет болған немесе отбасылық жағдайлар туралы білген кезде, қайда баруға болатындығын білу үшін, сонымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы , оның өміріне және денсаулығына қауіп төнгендігі, зорлық-зомбылық немесе қатыгездік жасалынғандығы бойынша немесе егер олар балаларға қауіп төндіретін объектіні, мысалы, ашық люкті, жоғары вольтты беру желісін, су көзін көрсе, осындай жағдайлар жөнінде көмек көрсету үшін «Nur Otan» партиясы жанынан қыркүйек айының басында өз жұмысын бастайтын «111 жедел қызмет» байланыс орталығына хабарласа алады.
"Егер сіз кішкентай баланың қараусыз қалғанын, оған қауіп төніп тұрғанын көрсеңіз, егер сіз балаға немесе әйелдерге қатысты қатыгездік, зорлық-зомбылық әрекеттері қолданылуы мүмкін екенін білсеңіз, олардың құқықтары бұзылса, 111 нөміріне күмәнданбастан қоңырау шалуды сұраймыз.
111 нөмірі құпия түрде болады.
111 нөмірі әр аймақтың ІІД-мен байланысты болады.
111 нөмірі «Бақытты отбасы» жол картасы бойынша құрылған барлық жедел топтармен байланыста.
Қоңырау шалушыға қандай шаралар қабылданғаны туралы кері байланыс беру қажет.
Ең бастысы барлығымыз осы мәселеге барынша қатысуымыз қажет. Баланың, әйелдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнгеніне күдік туған жағдайда хабарлау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік таныту және «111» нөміріне хабарлау керек.
«111» нөмірі балалардың, отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғауға байланысты барлық мәселелер бойынша өтініштер қабылдайды.
Сонымен қатар, зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін:
Маусым айында біз өңірлермен бірлесіп, жол картасы аясында барлық өңірлерде жедел әрекет ету топтарын ашуды бастадық. Қазіргі уақытта 2 182 жедел әрекет ету тобы ашылды (жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы функционалдық міндеттері шеңберінде) . Топтардың міндеті-қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау, көмек ұйымдастыру және нәтижені бақылау. Қазір олар енді ғана жұмыс істей бастайды.
Қазіргі уақытта біз балалар мен отбасылық-тұрмыстық зорлық - зомбылықты қорғау жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша Мәжіліс тобында жұмыс істеп жатырмыз. Біз ұрып-соғу, азаптау, зорлық-зомбылық қылмыстары бойынша қатаңдатудан бастап жетім балалардың тұрғын үй алу мәселелеріне дейін ұсыныстар енгіздік. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар ұсыныстарды қолдап, келісуі маңызды.
 
Білім министрлігі «Nur Otan» партиясы жанындағы Кеңестің 6 ақпандағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес, біздің 220 елді мекендегі жұмысымыздың қорытындысы бойынша басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, зорлық-зомбылықты анықтау және алдын алу бойынша мектептер үшін бірыңғай тәсіл әзірленеді", - деп жазды Динара Закиева.