Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары погон тақпайтынын айтты
Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары погон тақпайтынын айтты
© сурет интернеттен алынды
191
оқылды
Ішкі істер министрінің жаңа тағайындалған орынбасары Сәкен Сәрсенов погон тақпайтынын, әскери қызметкер емес екенін айтты. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Ішкі істер министрлігінде жұмысқа кірістім, маған бірнеше тапсырма берілді, айтарлықтай ауқымды тапсырмалар. Ішкі істер органдарының жұмысын цифрландырудан бөлек, мен ведомствоның ішкі және сыртқы коммуникациясымен айналысамын. Министр ІІМ қызметі бойынша тұрғындармен ашық диалог құруды реттеу және ішкі істер органдарының ашық саясатын қамтамасыз етуді тапсырды. Алдымда ведомствоны цифрландыру бойынша маңызды жұмыс тұр. Ол туралы сізге ақпарат беріп отырамын. Сіздердің идеяңыз бен ұсыныстарыңызды қабылдауға дайынмын және байланыста боламын. Маған атақ (әскери - авт.) беріле ме деген көптеген сұрақ туындайды. Бірден айтқым келеді, мен азаматтық лауазымды атқарамын және погон тақпаймын", - деді Сәрсенов.
Еске салайық, Сәкен Сәрсенов 3 тамызда Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Сәкен Сәрсенов "Қазпоштаны" 2017 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін басқарған.