«Күндіз-түні іздесе де, бала әлі табылған жоқ» – Грузияда жоғалған алматылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды
«Күндіз-түні іздесе де, бала әлі табылған жоқ» – Грузияда жоғалған алматылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Интернеттен алынды
282
оқылды
Елдегі әр азаматтың телефонына Грузия ІІМ-нен баланы іздеуге көмектесу туралы хабарлама таратылды. Сондай-ақ ІІМ оның жоғалғанына байланысты қылмыстық іс қозғады. Дереккөз «Кәмелет жасына толмаған адамның бостандығын заңсыз алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны ресми хабарлады.
Грузия ІІМ Төтенше жағдайлар қызметінің басшысы Теймураз Мгебришвили: «ІІМ өкілдері жоғалған баланың отбасымен үнемі байланыста отыр. Илья Пилпанидің ата-анасына күнделікті жұмыс туралы ақпарат беріледі. Кәмелет жасына толмаған баланың жоғалуы немесе қайда болуы мүмкін деген мекенжайына байланысты барлық ақпаратты құқық қорғау органдары тексереді», – дейді
Айта кетейік, Илья Пилпаниді 80 құтқарушы, полиция бөлімшелері, адам басқармайтын ұшу аппараттар, су көлігі және шекара полициясының тікұшағымен іздеп жатыр. Ингури өзені мен Ингури ГЭС ауданында геологиядық барлау жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Оның фотосын Грузия ІІМ барлық жерге таратты. Еске сала кетейік, Илья Пилпани – Алматының тұрғыны. Қыста Грузияда тұратын әкесінің туыстарына қонаққа барған. Пандемия басталғанда Алматыға қайта алмаған.