Қазақстандағы интернет жылдамдығы Беларусь пен Ресейдікінен баяу
Қазақстандағы интернет жылдамдығы Беларусь пен Ресейдікінен баяу
Фото: playground.ru
«СпиидТест-Индекстің» рейтингі бойынша интернет жылдамдығы жөнінен Қазақстан Қырғызстан мен Армениядан алда, бірақ Ресей мен Беларусь Республикасынан кейін тұр. Елде интернетке қолжетімділігі бар абоненттердің саны 17,5 млн-ға жетеді. Оның ішінде 15 млн абонент ғаламторға ұялы байланыс арқылы кіреді. Осылайша, былтырғы кезеңмен салыстырғанда интернетке қолжетімділігі бар абоненттердің саны 2,3 процентке өскен. Ұялы байланыс қызметінің 14 млн 800 абоненті жылдамдығы жоғары әрі кеңжолақты интернетті пайдаланады. Фиксациялық интернет қолданушылардың саны 2 млн 600 мыңға жетті. Былтырғыдан 2,2 процентке жоғары. Фиксациялық интернет абоненттерінің үштен бір бөлігі тек 3 өңірге тиесілі. Көш басында Алматы қаласы – шамамен 370 мың абонент. Жылдық өсім – 7 процент. Нұр-Сұлтанда – 272 мың 800 абонент болса, Қарағанды облысында – 272 мың 500 абонент. Өсім қарқыны бойынша Маңғыстау облысы алда тұр. Шамамен 11,4 процент. Одан кейінгі орында Қызылорда – 9,5 процент, Ақтөбе – 8,6 процент. Көрсеткіштің  соңында астана мен Шығыс Қазақстан облысы тұр.