Думанға бөлеген мерейлі кеш
Думанға бөлеген мерейлі кеш
233
оқылды

Қазақстан халқы ассамблеясы Нұр-Сұлтан қаласының «Жетісу» саябағында Конституция күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырды. Іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасы­ның орынбасары Жансейіт Түймебаев, ҚХА мүшелері мен қоғам қайраткерлері, ҚХА этномәдени бірлес­тіктері, жастар және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Концерттің ашылуында сөз сөйлеген ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түйме­баев барша қазақстандықты келе жатқан мемлекеттік мереке – Конституция күнімен құттық­тап: «Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың және Мемлекет басшы­сы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қажымас еңбегінің арқасында Конституциямыз тәуелсіз елі­міздің құқықтық жүйесінің өзе­гіне, дамуымыздың берік ірге­тасына айналды. Бүгін құқық­тық, дамыған мемлекет құру жолын еліміздің басты заңының талаптарына сәйкес жаңа дең­гейге көтерудеміз. Ата заңы­мыз­дың арқасында қазақстандықтар мәдени және рухани құнды­лықтарды қайта өркендетудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. Конституциямыздың жалпыұлт­тық құндылықтарын құрметтеу нормаларын жүзеге асырудың арқасында көпэтносты Қазақ­станда барлық азаматтың келі­сімі мен бірлігінің іргетасы қаланды» деп атап өтті.

Кеш Жастар жылына орай еліміздің ертеңіне айналатын жі­герлі де өнерлі жастарымызды қолдау мақсатында ұйым­дас­тырылды.

– Бұл шара еліміздегі жас буынның басын біріктіруге жол ашады. Елбасымыз жастар мә­селесін назардан тыс қалдырған емес. Біздің мақсатымыз – жас­тар­дың басын бір арнаға тоғыс­тыру. Еліміздің болашағы – жас­тардың қолында. Сондықтан олардың басын неғұрлым көбі­рек қоссақ, болашағымыз со­ғұрлым жарқын болады, – деді поляк қоғамының төрайымы Елена Артемовна.

Қазір елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Олардың бәрі Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр.

Жиналған қауым Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің шығарма­шы­лық топтары мен аспаптық му­зы­ка, ән-би ұжымдарының қойы­лымдарын тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.


Дархан БАЙТІЛЕС