Ауруханалардағы төсек-орындардың 60 пайызы босады
Ауруханалардағы төсек-орындардың 60 пайызы босады
171
оқылды
Облыста COVID-19 инфек­циясымен күреске меди­цина­лық ұйымдар түгелімен жұмыл­дырылып, қосымша провизорлық орындар ашыл­ған болатын. Бүгінгі күні провизорлық орын­дардың 40 пайызы ғана жұмыс істеп тұр. Медициналық мекемелер 4 тамыз­дан бас­тап қалыпты жағдайдағы жұ­мыстарын бастады. Яғни,  нау­қастар жоспарлы түрде ем қабылдауға кірісті. Сонымен қатар облыста құрылған 391 мобильді топ үйде ем шараларын тағайындау арқылы науқастар санының азаюына үлкен септігін тигізді, – деді журналистермен  арнайы кездескен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы. Оның мәлімдеуінше, облыс­тағы  барлық медициналық мекеме вирусқа қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі кезде Алматы облысында 3 345 адам дәрігерлердің  бақылауында, оның ішінде 1 637 адам ста­ционарлық емдеуде болса, олардың  228-і инфекциялық, 1 409-ы провизорлық орындарда ем қабылдауда.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы