Облыста COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдар түгелімен жұмылдырылып, қосымша провизорлық орындар ашылған болатын. Бүгінгі күні провизорлық орындардың 40 пайызы ғана жұмыс істеп тұр. Медициналық мекемелер 4 тамыздан бастап қалыпты жағдайдағы жұмыстарын бастады. Яғни, науқастар жоспарлы түрде ем қабылдауға кірісті. Сонымен қатар облыста құрылған 391 мобильді топ үйде ем шараларын тағайындау арқылы науқастар санының азаюына үлкен септігін тигізді, – деді журналистермен арнайы кездескен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Оның мәлімдеуінше, облыстағы барлық медициналық мекеме вирусқа қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі кезде Алматы облысында 3 345 адам дәрігерлердің бақылауында, оның ішінде 1 637 адам стационарлық емдеуде болса, олардың 228-і инфекциялық, 1 409-ы провизорлық орындарда ем қабылдауда.
Болат АБАҒАН,
Алматы облысы