Қолында полицейдің алатаяқ...
Қолында полицейдің алатаяқ...
189
оқылды

Қазақстан полицейлері алатаяқты бүгіннен бастап қайта қолданады.

«Ішкі істер министрлігі 1 қыркүйектен бастап жол қозғалысын реттеу үшін алатаяқты қолдануға көшеді. Айта кету керек, алатаяқтар тек жол қозғалысын реттеу үшін, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну жағдайында, сондай-ақ:  жол-көлік оқиғалары және жолдарда кептеліс пайда болғанда, оның ішінде бағдаршамдар істен шыққанда; көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру кезінде қолданады», – делінген ҚР ІІМ ақпаратында.

Енді полицей қызметкерінің үстінде сары түсті кеудеше, жарық шағылыстырғыш қолғап, алатаяқ және ысқырғыш болады.

«Алатаяқты қолдануға көшу үшін бюджеттен қаржы талап етілмейді. Бұрынғы алатаяқтар сақталған»,– деп мәлімдеді ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 20 тамызында ҚР Ішкі істер министрлігі жол қозғалысын реттейтін полиция қызметкерлеріне алатаяқты қайтаруға бастама көтерген болатын.