Атырауда балаға зорлық жасамақ болған күдіктіні ұстауға көмектескендер марапатталды
Атырауда балаға зорлық жасамақ болған күдіктіні ұстауға көмектескендер марапатталды
фото: ашық дереккөз
191
оқылды
Атырауда жас балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасамақ болған күдіктіні ұстауға көмектескен қала тұрғындары марапатталды. Олардың арасында 16 жасар жасөспірім бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еске сала кетсек, 6 тамызда кешкі сағат 19:30-да Көктем ықшамауданында мас адам кішкентай балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасауға әрекеттенген. Күдіктінің бұл арам пиғылын Атырау қаласының тұрғындары Шамиль Кулиев, Артур Новиков және 16 жасар Әлішер Төлегенов сезіп қалған. Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев қырағы азаматтарды арнайы шақырып, алғыс хатпен, арнайы сыйлықпен марапаттады. Әсіресе, Әлішер Төлегеновтің қоғамдағы осындай оқыс жағдайға бейжай қарамай көмекке келгені үшін алғыс айтып, болашақта ішкі істер органдарында қызмет етуге шақырды. «Күдіктіні ұстауға көрсеткен көмектеріңізді ерлік деп білеміз. Егемен еліміздің өскелең ұрпағы сіздердей жанашыр болса, ел ертеңі кемел боларына сенім мол», - деді департамент бастығы Қамза Үмбетқалиев.