Аружан Саин қазақстандықтарды қайырымдылық жасауға шақырды
Аружан Саин қазақстандықтарды қайырымдылық жасауға шақырды
© сурет интернеттен алынды
224
оқылды
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин 1976 жылы 10 тамызда Қызылорда облысында дүниеге келген. Бүгін омбудсмен туған күнінде қазақстандықтарды қайырымдылық жасауға шақырды.
«10 тамыз – менің туған күнім. Мен үшін ең бағалы сыйлық, әдеттегідей - ауыр дертпен күресіп келе жатқан балақайларға жанашырлық танытып, оларға қайырым жасағаныңыз. «Балаларға өмір сыйла» - елімізде әзірге емделмейтін ауруға шалдыққан балалардың еміне қаржы жинайтын маңызды жоба. Жоба аясында жиналған қаражат тек балалардың еміне ғана жұмсалады», - деп жазды Аружан Саин.
Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жазуынша, қаржының кіріс-шығысы туралы мәлімет әр 10 күн сайын hdetdom.kz сайтында жарияланады.
«Жоба аясында жиналған қаражат 100% балалардың еміне ғана жұмсалады. Емге мұқтаж балаларға қол ұшын беріп, оларға бақытты өмір сүруге үміт сыйлап жүрген әр азаматқа алғыс айтамын», - деп жазба қалдырды.