Жетісулықтар Абай тойын бастап кетті
Жетісулықтар Абай тойын бастап кетті
321
оқылды
Абай күніне арналған шырай­лы шара­лардың шымылдығы өңір басшысы Амандық Бата­ловтың әлеуметтік желіде жер­лес­терді құттықтауымен  ашыл­ды. Артынша, әлеуметтік желі­де облыстық Nur Otan пар­тиясының ұйымдастыруымен «Абай өлеңдерін оқу» шарасы тойға шашуды жалғастырды. Өңірдегі аудан, қалалар да ор­тақ істен қалыс қалған жоқ.  Абай Құнанбайұлының ескерткіштеріне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойып, айналасын абаттандырды. Үлкенді-кішілі көрмелер мен кештер, конкурстар мен концерттер ұйымдастырылды.  Жетісу жерін мекендеген түрлі этнос өкілдерінің арасында Абай өлеңдерін оқу эстафетасы өтсе, Бикен Римова атындағы облыстық драма театрдың әртістері ақынның бірнеше мысал­дарын онлайн түрде сах­налап, көрермендерге тарту етті. Абай Құнанбайұлының өшпес өнегесін жас буын да барынша дәріптеуде. Осы орайда, Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Taldy Paris шығармашылық тобы Jetisy ART тарихи-танымдық жобасын жүзге асыруға кіріскенін айта кеткен артық болмас. Халықты ата-бабаларымыздың тарихымен және Абай еңбек­терімен таныстыру, білуге жұмыл­дыруды мақсат ететін  бірегей жоба­ның авторы Еркеғали Мей­рам­ұлы. «Бұл жобаны жасауға 1 ай уақыт жұм­са­дым. Графикалық кескіндемеде  тарихи тұлғалардың тұжырымдамасы (афор­измі, дәйексөзі) және оның суреті бейнеленген. Елдің назарына ұсынылатын туын­дымда стил­ис­тикалық иллюстрация қол­дан­дым», – дейді Еркеғали Мейрамұлы. Бүгінде теңдесі жоқ жобаның авторы осындай 20 кескінді дайындаған. Соның бірі – 10 тамыз күні ашылған, «Қаратал» шағынауданындағы көпқабатты үйдің қабыр­ғасына салынған дана Абайдың дара бейнесі.   Мұндай бірегей істер алдағы кезде де жалғасатын болады.  

«Абай – ұлтымыздың ұлы тұлғасы. Оның тіршілігінде елі үшін атқарған еңбегін ешқашан ұмытпауымыз керек. «10 тамыз – Абай күні» деп белгіленуі де барынша құптарлық қадам.

  Жыл басында облыстық Мәдениет, архивтер және құ­жаттама басқармасының мұ­рындық болуымен ақындар мүшәйрасы өткенін де айта кеткен жөн. Жыр додасына 200-ден астам ақын қатысып, Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтаған Ға­лым Жайлыбай бас­таған әділқазылар алқасының сүзгісінен 100 ақынның арнауы мүдірместен өткен еді. Сөзі мір­дің оғындай сөз зергерлерінің арнаулары «Адамзаттың Абайы»  атты арнайы жинаққа енгізілді. 10 тамыз – Абай күні» облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханада сол жыр жинағының тұсауы  кесілді. Кітап Абайдың елі, яғни Шығыс Қазақстан облысына тойға тарту  ретінде жөнелтіледі. . Тұтас болмысы келісті өлең жолымен өрілген Абайдың бей­несін өңірдегі қыл­қалам шеберлері де мүмкіндіктерінше суреттеуге тырысты. Бұл шара да жыл басын­да  бастау алған болатын. «Сурет әлеміндегі Абай бей­несі» атты суретшілер байқауына 50-ден астам суретші қатысып, бақ сынады.  Жалпы, Алматы облысы бойынша, дүбірлі күнге орай 30 шара ұйымдастырылыпты. «Абай – ұлтымыздың ұлы тұлғасы. Оның тіршілігінде елі үшін атқарған еңбегін ешқашан ұмытпауымыз керек. «10 тамыз – Абай күні» деп белгіленуі де барынша құптарлық қадам. Кешегі мен бүгінгінің өмір салтын саралап кеткен, дана әрі дара жанның мерейтойын жоғары дәрежеде өткізуге бары­мызды сала­мыз. Елдегі жағдайға байланысты барлық шара онлайн форматта өтуде. Бастысы, елінің нар тұлғаға деген құрметіне халық куә болуда.  Абай күні мәңгі жадымызда сақталады», – дейді     Алматы облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама бас­қармасының басшысы  Мәрлен Көлбаев.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы