«Қызылағашқа» су жинала бастады
«Қызылағашқа» су жинала бастады
358
оқылды
Жақында облыс әкімінің орын­басары Серік Тұрдалиев жағдайды өз көзімен көру мақ­сатында Ақсу ауданына жұмыс сапарымен ба­рып, өңірдегі ауыл ­шаруашылығы саласының түйткілді тұстарына үңіліп қайт­ты. Құрылысы аяқталған «Қызылағаш» су қоймасына қа­тыс­­­ты әзірленіп жатқан жоба жұ­мысымен және суармалы жер­лерге судың жеткізілу барысы­мен де  танысты. «Қызылағаш» су қоймасының сыйымдылығы – 42 миллион тек­ше метр. Су қоймасы толса, он­дағы  су жеті мың  гектарға жуық  жерді суаруға жетеді. Қазіргі уақыт­та жиналған суды тиімді пайдалану мақсатында  қойманы автоматтандыру және алқаптарға су құбырын тарту бойынша жоба әзірленуде. Құны – 8,9 миллиард теңгеге бағаланған жоба іске асса, ауданда су тапшылығы мүлде жойы­лып, ылғал егістік алқапқа құбыр­лар арқылы шығынсыз жете­­ді. Дегенмен биылғы су тап­шылығына қарамастан, аудан бойынша 126,6 мың тонна қант қызылшасы, 74 мың тонна масақты дәнді дақылдар, 31 мың тонна майлы дақыл және 30 мың тонна картоп алу жоспарланыпты. «Қызылағаш» су қоймасына жи­нал­ған сумен егістік алқаптар су­арылу басталған.  Алайда  ал­қап­қа жеткенше біраз су жерге сіңіп, азайып қалады екен. Бұған  арықтардың  тазаланбауы мен су құ­быр­ларының жоғы себепкер. Серік Мэлсұлы «Квитко» шаруа қожалығының қант қызыл­ша алқабына барып, өңірдегі шаруашылықтар жетекшілерімен жүздесті. Оларды да су тапшылығы алаңдатады екен. – Қант қызылшасы осыған дейін бір рет қана суарылды. Енді екінші мәрте суғаруға кірістік. Су алу үшін кезекке тұрамыз. Алқабымыз жоспар бойынша екі апта бұрын суарылуы керек еді. Тәтті түбірдің бағасы төрт жыл болды өзгерген жоқ. Ал қалғанының барлығы қым­бат­тады. Бізге де баға қосса де­ген ұсынысымыз бар. Себебі, техникамыз бұзылып бөлшекті қымбатқа сатып аламыз, адам жалдап, ақысын төлейміз, – деді «Квитко» шаруа қожалығының жетекшісі Александр Квитко. Сол жерде жобаға енбей қал­ған алқаптары  бар шаруа қожа­лықтарының жетекшілері өз егіс­тіктерін де жобаға  енгізуді өтін­ді. Ал «Агрохолдинг Ақсу» ЖШС директорының орынбасары Әмір Изембаев сүтті-тауарлы ферма құрудың жобасымен таныс­тырып, жеңілдікпен несие алуға көмектесуді сұрады.  Облыс әкімінің орынбасары Құрақсу ауылындағы «Қаратал» ЖШС тірлігімен  де танысты. Серіктестік балық өсіріп, көбейту мақсатында өзенге 7 миллион сазан шабағын жіберіпті. Шар­уашылықтың болашаққа бағыт­таған жоспары да мықты.  Сапар соңында «Ақсу» қант зауытына бас сұққан Серік Мэлс­ұлы зауыттың қауырт кезеңге дайындық барысын сұрады. Зауыт директоры Самат Надирбаевтың айтуынша, мұнда 175 адам жұмыс істейді. Биыл үш ауданнан 150-200 мың тонна қант қызылшасын қабылдау жоспарланған. – Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Ақсу ауданын араладым. «Қызылағаш» су қоймасын көр­дік, қазір ол қайтадан орнына ке­ліп қалды. Су құбырларын тар­­ту бойынша үлкен жоба бар. Ақсу ауданында қосымша 7 мың гектарға дейін суармалы жер болады. Облыста 140 мың­ға дейін суармалы жерлер қосыл­ады. «Ақсу қант» зауыты көп уақыт­тан бері жұмыс  істемеген еді. Үш жылдан бері қайта қант шығаруда. Басты мәселе – зауытты қызылшамен қамтамасыз ету. Биыл жауын-шашын, су көлемі де аз болды. Соған қарамастан, толықтай қамтамасыз етеміз деп ойлаймын,  – деген облыс әкімінің орынбасары қозғалған мәселелер шешімін тауып, ұсыныстар ескер­ілетінін жеткізді.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы.