«Абай әндері» байқауының нәтижелері жарияланды
«Абай әндері» байқауының нәтижелері жарияланды
394
оқылды
Ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Абай атындағы МАОБТ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен кәсіби емес орындаушыларға арналған «Абай әндері» онлайн байқауын өткізді. Қатысу шарттары бойынша Абай Құнанбаевтың сүйікті туындысын таңдап, оны видеоға түсіріп жолдау керек болды. Байқаудың ұйымдастыру комитетіне әр түрлі жастағы 6-дан 72 жасқа дейінгі қатысушылардан 70-тен астам өтініш келіп түсті. Өтінімдер Қазақстанның барлық аймақтарынан: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Семей, Қызылорда, Ақтөбе, Жаңаөзен, Екібастұз, Арқалық, Талдықорған, Тараз қалаларынан және Түркістан, Қызылорда облысынан келіп түсті. Өтініш тіпті Моңғолиядан келді. Байқаудың ерекшелігі – онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтауға көрермендердің тікелей қатысуы. Сайыс екі номинацияда, жеке және ансамбльдік өнер бойынша бойынша өтті.  
«Жеке орындау» номинациясындағы жеңімпаздар төрт жас ерекшеліктері арасында анықталды: 4 жастан 14 жасқа дейін: 1 орын – Алангир Нұрғожанов (Алматы қ.), 2 орын – Алора  Қуанышбекова (Талдықорған қ.), 3 орын – Қабілет Әбдірайым (Қызылорда облысы); 15 жастан 25 жасқа дейін: 1 орын Жібекжан Сембинова (Өскемен), 2 орын Сая Сейлханова (Алматы облысы), 3 орын Жанарбек Лашын (Моңғолия); 26 жастан 44 жасқа дейін: 1 орын – Қуаныш Тұрдыжан (Қаскелен қ.), 2 орын – Мақсат Падсабаев (Нұр-Сұлтан қ.), 3 орын – Жадыра Мұзбаева (Актөбе қ.); 44 жас және одан үлкен: 1 орын – Гүлназ Шарипова (Алматы қ.), 2 орын – Күлсін Оразалина (Қарағанды ​​облысы), 3 орын – Балкен Ибраева (Павлодар қ.).   «Ансамбльдік орындау» номинациясында сыйлықтар келесідей бөлінді: 1 орын – «Арнау» ансамблі (Көкшетау қ.), 2 орын – «Шабыт» ансамблі (Тобыл қ., Қостанай облысы), 3 орын – «Апрель» ансамблі (Алматы қ.).
– Абайдың 175 жылдығына орай 2020 жылы шығармашылық ұжым әр түрлі және қызықты бағдарламар дайындады, – деп  Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры Ая Қалиева әңгімесімен бөлісті. – Мерейтой аясында ТҮРКСОЙ елдері өкілдерінің қатысуымен «Абай әлемі» халықаралық фестивалін өткізу жоспарланған болатын. Алайда, пандемияға байланысты кейбір іс-шаралардан бас тартуға тура келді, кейбіреулері кейінге қалдырылды, ал көбісі онлайн режимінде өткізілді. Осындай жобалардың бірі, әр түрлі жастағы, санаттағы кәсіби емес орындаушылар арасындағы «Абай әндері» онлайн байқауы болды. Байқаудың мақсаты – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, композитор Абай Құнанбаевтың шығармалары арқылы қазақтың ұлттық мәдениетіне қызығушылық тудыру, сонымен қатар талантты және дарынды орындаушыларды анықтау. Байқау жеңімпаздарының 10 тамызда, ақынның туған күні мен жаңа мереке «Абай күні» деп жариялануы символикалық мағынаға ие.