Актриса ұлын қыз кейпінде тәрбиелеуде
Актриса ұлын қыз кейпінде тәрбиелеуде
233
оқылды

Әлемде талай қызық бар. Адам ойға келмейтін әрекетке барады. Қыз мінезді бала көрсек,"қызтеке" деп келемеждейтінбіз. Шарлиз Теронның ұлын қатарластары не деп атайтыны қызық.

44 жастағы актрисаның ұл-қызы бар. Ұлын Джексонды кішкене кезінде асырап алған. Бірақ актриса  Джексон Теронды қыз бала ретінде тәрбилеп, киіндіреді. Джексон үш жасына дейін кәдуілгі балалар тәрізді жүрді. Анасының айтуынша, үш жасында өзінің қыз екенін айтыпты. Содан бастап Шарлиздің ұлы қыз кейпіне енді. Шашын өсіріп, өріп, көйлек киіп жүр. Теронның бұл қылығына Голливуд әлі күнге таңданады.

«Кез келген ата-ана сияқты балаларымның бақытты болғанын қалаймын. Шешіміне қарсы келмеймін. Джексон әпкесі Августке қарағанда үлкен қыз» дейді Шарлиз Терон.

Тәрбие беруде әр ата-ананың өз тактикасы бар. Шарлиз Терон тактикасына не дейсіз?