Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Экономика

Бизнесті сақтаудың жолы бар ма?

Коронадағдарыс  ішкі жалпы өнімнің 2,9 пайызға тө­мендеуіне ықпал етті. Егер экономиканың нақты сек­торында өсім жалғаспағанда, ІЖӨ қатты құлдырап кетер еді. Абырой болғанда, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салаларындағы өсім көңілге демеу болып тұр. Мұнай өндіру қарқынының төмендеуі  экономикалық өсімді тежегенімен, байланыс, қаржы және сақтандыру қызметі табысқа кенелді. Бірақ бұл көрсеткішке қуануға ерте сияқты. Себебі бірқатар бизнес субъектілерінің са­лықтан босатылғанын ескерсек, бүгінгі өсіммен мақ­тануға асықпау керек. Оның  үстіне, экономистер жекелеген салалар бойынша  тоқсаныншы жылдардағы жетістігімізді де қайталай алмай отырғанымызды айтады.

«Айқын» ақпарат
Тамыз 12, 2020
Экономика, Жаңалықтар, Қазақстан
bisnes

© коллаж: Елдар Қаба

89
қаралым

 

Даму стратегиясын қайта қарау қажет

«Өткен ғасырдың сексенінші және тоқсаныншы жылдары, яғни кеңес мемлекетінің құрамында болған кезде еліміздің ішкі жалпы өнімінің едәуір бөлігін ауыл шаруашылығы, машина жасау кешені, сондай-ақ тамақ өнер­кәсібі, қызмет көрсету салалары құраған еді. Себебі республикада бірнеше мың кәсіпорын жұмыс істеді. Оның ішінде ондаған металлургия, тау-кен байыту фаб­ри­калары, электр энерге­тикасы, өзге де өнім шығаратын кәсіп­орындар  болды. Алматы, Өскемен, Қарағанды, Орал, Пет­ро­павл, Пав­лодар қалаларының машина жасау зауыттарынан бөлек, жеңіл және химия өнер­кәсібі дамыды. Ал бүгінгі таңда осы өнеркәсіп кешені алыптарының көпшілігі ғайып болды. Сал­дарынан машина жа­саудың жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлесі 1990 жыл­ғы 16 пайыздан бүгінгі 3 пайызға төмен­деді», – дейді эко­номист Бауыржан Исабеков.

Әйелдер басымдық еткен бизнес

Түрмедегі бөдене бизнесі

Есірткі бизнесімен  енді  әйелдер де айналыса  бастады  

Оның айтуынша, бүгінгі таңда мемлекет жоғалған нәрсені қалпы­на келтіруге тырысып келеді: 2000 жылдан бастап экономиканы да­мыту және әртараптандыруды көз­деген стратегиялар мен бағдар­ламалар  қабылданды.  Ресми құ­жаттарда республика экономи­касының тұрақты өсуі, жаңа кә­сіпорындардың іске қосылуы ту­ралы жиі жазылды. Бірақ іс жү­зін­де көптеген амбициялық жоба қағаз жүзінде қалып қойды, бірде-бір мемлекеттік бағдарлама ме­желеген көрсеткіштерге қол жеткізбеді.

«Себебі жоспардағы эконо­микалық параметрлер негізсіз болып, бөлінген қаржы талан-таражға түсті. Ақтаудағы планшет зауыты мен Қарағандыдағы KazAviaSpektr зауыты соның мысалы.  «Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы», «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 ел­дің қатарына кіру страте­гиясы» және «Мемлекеттік агро-азық-түлік бағдарламасы», сондай-ақ ішкі еркін эконо­микалық аймақ­тар мен клас­терлерді дамыту жо­ба­лары да сәтсіз аяқталды», – дей­ді сарапшы.

Үкімет үміт артқан Мемлекеттік үде­мелі индустриялық-инно­вация­лық даму бағдарламасында аталған отандық өңдеу өнеркәсібі эконо­микалық өсудің драйвері бола ал­мады.  Кәсіпкерлік белсен­ділік те, техникалық жаңарту да, ғылым мен инновацияның да­муында да оң нәтиже болған жоқ.

«Биыл индустрияландырудың 2020-2025 жылдарға арналған үшін­ші кезеңі басталды. Бағ­дарлама мақсаты – халық­аралық эконо­микалық ұйымдарға мүше ретіндегі міндеттемелерді ескере отырып, ішкі және сыртқы нарықтағы өндірістің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру үшін жағдай жасау. Осы үшінші кезең аясында өңдеуші өнеркәсіптің барлық саласындағы өндірушілерді қолдау керек. Нәтижесінде, өнім­ділік көрсеткіші 2015-2019 жыл­дардағыдай 22 пайызға емес, 70 пайызға өсуі қажет», – дейді Б.Исабеков.

Ал бүгінгі коронадағдарыс ке­зінде бұл межеге жету мүмкін бе? Сарапшы қазіргі уақытта елімізде шикізат пен оны өңдеудің бастапқы өнімдерін өндіруде бәсекеге қа­білетті секторлар барын айтады, ал экономиканың басқа салалары бәсекеге қабілетсіз деңгейде. Ши­кі­зат өндірісі саласының дамуымен қатар, өңдеуші өнерк­әсіптің өсуін ынталандыру үшін республиканың эконо­микалық саясаты мен даму стратегиясын жедел қайта қарау қажет көрінеді.

 

Шағын бизнесті салықтан босату арқылы
құтқара алмаймыз

Есте болса, өткен жылдың тамыз айында Қарағандыдағы индустриалды-инновациялық даму жөніндегі кеңесте Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 жылдан астам уақыт ішінде ІЖӨ-де өңдеудің үлесі 11 пайыз шамасында өзгергенін айтты. Сонымен қатар экспорттың жалпы құрылымындағы өңдеу секторы үлесінің 8 пайызға, яғни 2016 жылғы 34-тен 2018 жылы 26 пайызға дейін төмендегенін еске салды. 2015 жылдан 2018 жылға дейін еңбек өнімділігін 12 пайызға өсіру жоспарланғанымен, оның 4 пайыздық көрсеткішке ғана жет­кенін білдік.

«Себебі әлемдік нарықта Қазақ­стан әлі де негізінен ши­кізаттық тауарлармен ғана таны­мал. Мы­салы, 2018 жылғы экспорт­тың 74 пайызы шикізатты, 26 пайы­зы өңделген тауарларды құрады. Ал Қазақстан ұмытылып отырған  бәсекеге қабілетті 30 елде өңдеуші салалардың өнімі экс­порттың 85 пайызын құрайды. Демек, бізге әзірге отыз елдің ауылын армандауға ерте», – дейді экономист. 

Өйткені биылғы 10 шілде күнгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы теңдессіз шаралардың қа­был­данғанына қарамастан, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны қыс­қарып кеткенін тілге тиек етті. Мұндай олқылық 8 өңірде тір­келгенін жеткізген ол, әсіресе Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында ШОБ саны қатты қысқарғанын айтты. Ал Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов маусым айында халық алдында онлайн режимде есеп беріп тұрып, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасына «микро және шағын бизнесті микрокредиттеу» деп аталатын жаңа бағыты қосыла­тынын» мә­лімдеген. «Жаңа бағыт 6 пайыз­дан аспайтын мөлшерлеме бойын­ша субсидиялау арқылы қаржылан­дыруды көздейді. Несие көлемі айналымдағы құралдарды толық­тыруға 5 млн теңгеге дейін, өнді­рістік қажет­тілікке 20 млн теңгеге дейін беріледі. Бұл микро­бизнес өкілдерін кең көлемде қам­туға мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Даму» қоры негізгі займның 85 пайызына дейін кепіл болады», – деген еді. Алайда арада бір ай өткенде Президент ШОБ-тардың жабылып жатқанын хабарлады. Бұл ШОБ-ты сақтап қалу шара­ларының нәтиже бермей отыр­ғанын білдір­мей ме деген сұрақ туындайды. Әйтпесе, бізде ШОБ субъектілері салықтан да босатыл­ды ғой.

«Шағын және орта бизнестің негізгі мәселесін салықтан босату арқылы емес, Қазақстанда тиімді, әлеуетті сұраныс тудыру арқылы шешу керек. Себебі шағын және орта бизнес субьектілерінің едәуір бөлігінің өнімдеріне сұраныс өте төмен. Сондықтан керісінше, биз­нес ортаны жақсарту мәселесіне көңіл аударуымыз қажет. Сонда ғана қазақстандықтардың сатып алу қабілеті артады», – дейді Б.Иса­бе­ков.

Иә, қазір негізінен ірі бизнес субьектілерінің шикізат өнімдері (мұнай, газ, металл және бидай) сұранысқа ие. Сондықтан сарапшы шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін ірі бизнес субьек­тілерімен қазақстандық мазмұн механизмі арқылы байланыстыру керек. Яғни, шағын және орта биз­неске ірі бизнеске қажетті өнімдерді өндіруге, негізгі қорлар­мен қамтамасыз етуге назар аудару керек. Айта кететін жайт, бұл үрдіс заңмен қамтамасыз етіліп, ірі бизнес субьектілерінің бұлжытпай орын­дауы қағидаға айналуы қажет. Олар өнімнің жаңа, әсіресе, сұранысқа  ие және жоғары бағамен айрық­шаланатын түрлерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру үшін шағын кәсіпорындармен коопе­рациялану арқылы берік қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Сондықтан шағын, орта және ірі кәсіпкерлік проблемасының ке­шенді шешімін табу үшін олардың өзара тәуелді түрде дамуын ұйға­ратын жалпы бағдарлама дайын­далуы қажет. Бұл бағдарлама шағын, орта және ірі бизнес арқылы жүзеге асырылатын кәсіп­керліктің қалып­тасуы мен дамуы­ның барлық жағын қамты­ғаны абзал. Қазақ­станда шағын кәсіп­керлікпен айна­лыса­тын тұлғалар­дың саны мил­лион­дармен есептелуі керек. Сонда ғана нарық­тық экономикасы бар дамы­ған елдер­дегі­дей шағын биз­нестің ел эконо­микасындағы рөлі мен мә­нін жоға­рылатуға мүмкіндік туады.

 

Халима БҰҚАРҚЫЗЫ

 

 

 
Тегтер: бизнесішкі өнімкоронадағдарысшағын бизнесэкономикалық өсім
Алдыңғы жаңалық

Коронавирусқа шалдыққан 419 науқастың халі нашар

Келесі жаңалық

Жер үйде шыққан өрттен екі адам қайтыс болды

Ұқсас жаңалықтар

Хатира Сейдахметова
Әлеумет

Жалғыз аяқпен көлік тізгіндеген келіншек

Наурыз 6, 2021
журналист
Әлеумет

«Журналист» полковник

Наурыз 6, 2021
Конституция
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Конституция – тәуелсіздікті нығайтқан құжат

Наурыз 6, 2021
ауыр жұмыс
Әлеумет

Ауыр жұмыстағы аналар

Наурыз 6, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жалғыз аяқпен көлік тізгіндеген келіншек

Наурыз 6, 09:00

«Журналист» полковник

Наурыз 6, 08:45

Конституция – тәуелсіздікті нығайтқан құжат

Наурыз 6, 08:30

Ауыр жұмыстағы аналар

Наурыз 6, 08:15

Әйелдер басымдық еткен бизнес

Наурыз 6, 07:45

Шымкентте Абайдың шөбересі бар

Наурыз 6, 07:30

Қоғамдық-саяси өмірдегі әйелдер әлеуеті

Наурыз 6, 07:15
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Хатира Сейдахметова

Жалғыз аяқпен көлік тізгіндеген келіншек

Наурыз 6, 2021
журналист

«Журналист» полковник

Наурыз 6, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»