Ұратын бала, шырылдайтын ана...

Ұратын бала, шырылдайтын ана...

Уақыт жылдам. Кеше ғана дүниеге келген сәби ержетіп, қызығын көрсетер күнге қалай жеткенін де білмей қаласың. Бірақ, қызығын емес шыжығын көрсетушілер көбейіп бара жатқаны қоғамды алаң­датып отыр. Әлеуметтік желіде біреуді ұрып, атып, басып кет­кен жастардың бейнекөрінісі екі күннің бірінде жылт-жылт етіп шыға келуде.

Жақында астанада жас жі­гіт атыс шығарып, төрт адам­ды жаралады, олардың бі­реуі ауруханада қайтыс бол­ды. Оқиға қатысушылары өзара қарым-қатынасын рет­теп жатқанда, олардың бі­реуі қарудан оқ ата бас­та­­ғаны анықталған. «Атыс сал­дарынан қақты­ғыс­қа қатысқан төрт адам жа­ра­­­ланып, біреуі ауру­ха­­­­наға келген соң көз жұм­­ды. Күдіктілер оқиға бол­ған жерден ізін суытты. Елордалық полиция қыз­мет­кер­лерінің жедел қабылдаған шаралары нәтижесінде, аталған дерек бойынша екі күдікті бір тәулік ішінде ұс­тал­ды», – деп хабарлады де­пар­­тамент өкілдері. Қазір­гі уақытта олар қамауға алын­ған. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ал Алматыда үш адам­ды ағайынды екі жігіт кө­лік­­пен қуып жүріп қақ­қан. Жастардың анасы бол­са оларды ақтап әлек. Нәзира Әлікееваның ай­туын­­ша, ұл­да­ры Жандос пен Дін­мұ­хамед кафеге туыс­қан­дарының туған күніне барған. «Мен өз ұлдарымды білемін ғой. Олар ақкөңіл, адамгершілігі мол балалар. Әрине, жас болған соң қызу­қан­дылық болар, бірақ ерсіз қылық, оғаш мінез көрсеткен емес. Балаларыма 13 еркек өздері келіп тиіскен. Ерегістің себебі, қыздар болу мүмкін, бірақ ол туралы анық айта алмаймын. Десек те, олар өздерін қорғағысы кел­ген. Менің балаларым олардан бақандай 10-15 жас кіші. Ұрып соғуды солар бастаған. Егер қатты зардап шексе, жәбірленуші болса, онда неге полицияға әлі арыз түсірмеген? Мен ақиқатын анық­тауға бар күшімді сала­мын», – деп шырылдап жүр. Қайтсін енді?

Міне, қазіргі жағдай осын­дай. Бала бойына агрессия ту­дыратын GTA, Counter-Strike сынды компьютерлік ойындардың берген нәтижесі.

Мұндай оқиғаның бірі Ақтауда болды. Мұнда да «басты рөлде» – жас бала. Ол рульге отырып алып жүргізген көлік апатқа ұшырады. Осы дерек бойынша әкімшілік хат­тама толтырылып, іс мате­риалдары Ақтаудың кәме­лет­ке толмағандар істері бөліміне жіберілді. Оқыс оқиға №33 шағынауданда, Назарбаев Зияткерлік мектебі­нің алдында болған. Екі бала мін­ген жол талғамайтын кө­лік Daewoo Nexia маркалы же­ңіл көлікті барып соққан. Куә­герлердің айтуынша, балалар оған дейін бес шақырымдай жол жүрген.

Сорақылықтың көкесі Орал­­да орын алды. 17 жас­та­ғы жасөспірім тұрақта тұрған «ВАЗ-2109» маркалы авто­көлігін айдап кетіп, ізін жасырмақ болып өртеп жіберген. Жәбірленуші авто­кө­лігін ауладағы тұраққа қо­йып, ішіне 150 мың теңгесін қал­­дырып кеткендігін айта­ды.


Тағы да оқ ату Петропавл қаласында тіркелді. Бизнес­менге шабуыл жасап, оқ атты деген күдікпен Қызылжар ауданының 1997 жылы туған және Петропавл қаласының 1990 жылы туған екі жігіті ұсталып, қамауға алынды.

Шынында Мұхтар Шаха­нов­тың: «Компьютер бас­ты ұрпақ келе жатыр» деп айт­қаны орынды. Компью­тер­ге әуес жас бала өзінің жа­­қындарымен араласудан қашқақтайды. Шынайы өмірді виртуалды, жансыз «өмір­ге» айырбастап жібере­тін­дей дәрежеге жетеді. Ға­лым­дар мен психологтар компью­тер­­дің денсаулыққа орасан зор зиян келтіретінін айтып, да­был қағуда. Олардың ай­туын­­ша, монитордың ал­дын­да үздіксіз жұмыс іс­теу қан қысымын көтереді. Соны­мен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен омырт­қа буынының қисаюы ауруы­на шал­дығуы мүмкін. Элек­тр­лен­ген сәулелер саусақ ұш­та­рына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді. Балада тек өзіне ғана мәлім «жабық әлем» қалыптасуы ық­тимал. Міне, осының бәрі баланың ашуланшақ бо­луы­­на әкеліп соғады. Жан-жа­ғын­дағыларға ызамен қарап, біреуден өш алғысы келіп тұрады.

Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында елі­­міздің әр аймағында «Құқық­тық тәртіп» шаралары өтуде. Бір ғана Тараз қаласында жүр­гізілген осындай рейдте Жергілікті полиция қызметі түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындары, ин­тер­нет-кафе, мейрамхана, бар, ойын клубтарына тексе­ріс жүргізгенде, қырық үш жасөспірімді анықтап, поли­ция бөліміне жеткізген.

Бала ұрып, аналар жыла­ған заман болды. Айтар бол­сақ, компьютердегі зорлық-зом­былық, атыс-шабыс ойын­­дарға шектеу қойған дұрыс-ау!


Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ