«Мұның бәрі істерге ісі жоқтықтан туындайды. Егер он екі мүшесі сау болса, онда ол ата-анасына масыл болмай, еңбек етуі керек. Ата-аналар балаларының бос уақытын қалай өткізіп жүргендігінен хабарсыз. Біздің жалғыз Отанымыз бар, ол – Қазақстан. Біз өзіміздегі ең құнды дүние – қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді бағалай білуіміз керек», – деді әкім.Еске сала кетейік, Қасқабұлақта кеше, 11 тамызда әлеуметтік желі мен мессенджерлерде тәртіпсіздік туралы хабарлама тараған болатын. Авторлар оқ атылғанын және адамдардың мектепте тығылуға мәжбүр болғанын айтты. Полицейлер «БМВ-525», «Тойота-Камри» және «ВАЗ-2107» автокөліктерін мінген 14 адамды ізін суытпай ұстады. Ұсталғандар Талас ауданының полиция бөліміне жеткізілді.
«Қарны тоқ, ісі жоқтан іші пысқандардың төбелесі...» – Сапарбаев Қасқабұлақтағы жағдай туралы айтты

89
оқылды
оқылды