«Жұмысқа орналастырғыш» алаяқ ұсталды
«Жұмысқа орналастырғыш» алаяқ ұсталды
162
оқылды

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің бас­пасөз қызметі осыдан бірер күн бұрын Орал қалалық по­лиция басқармасына қарасты Абай полиция бөлімінің кри­миналдық полиция қызметкерлері Орал қаласының 40 жастағы тұр­ғы­нын жұмысқа орналастырамын деп ал­дап-сулап, оның 1 миллион теңгесін қолды қылған 1974 жы­л­ғы әйелді қолға түсіргені жөнінде ақпарат таратты.

Тексеру барысында мәлім бол­ғандай, жәбірленуші ақ­­­ша­сын биылғы мамыр айын­да «жұмысқа орна­лас­тырғыш» әйелдің алақанына өз қолымен салып берген. Сөй­тіп, үш ай күтіп, ақыры еш нәтиже болмағасын по­ли­цияға жүгінуге мәжбүр бол­ған. Қазіргі уақытта осы фак­ті негізінде Абай полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 190-бабының бірінші бөлімі, яғни алаяқтық бойынша сот­қа дейінгі тергеу жүр­гізуде.

Өз кезегінде, полиция қыз­­­меткерлері алаяқтарға ал­­­данып, сан соғып қал­мау үшін ел-жұртқа кім кө­рін­­­генге сене бермеудің қа­­­­жет­тігін, ал жұмысқа ор­­­­на­­ласу үшін арнайы ең­бек­­пен қамтамасыз ету ме­ке­ме­леріне хабарласу керегін ес­кертеді.


Бауыржан ФАЙЗОЛЛАҰЛЫ,
Батыс Қазақстан облысы