Алексей Цой бас санитар дәрігерге қатысты тексеруді бастауды тапсырды
Алексей Цой бас санитар дәрігерге қатысты тексеруді бастауды тапсырды
Фото: Интернеттен алынды
115
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook-тағы парақшасында бар санитардың дөрекілігі орынсыз екенін жазды.
«Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой интернетте және БАҚ-та жарияланған видеоны зерттеді. Ол азаматтардың ренішіне түсіністікпен қарап, мұндай әрекет мемлекеттік қызметкерге лайықсыз деп есептейді. Осы орайда денсаулық сақтау министрі Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатысты қызметтік тексеруді бастауды тапсырды», – деп жазды.
Ресми өкіл Бағдат Қожахметов тексерудің жалғасып жатқандығын және оның қорытындысы туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медиа орталығы өзінің ресми сайтында және әлеуметтік желі аккаунттарында хабарлайтынын атап өтті.