Алматыда қонақүйде қызын ұрып өлтірген ұлыбританиялық тағы да мәлімдеме жасады
Алматыда қонақүйде қызын ұрып өлтірген ұлыбританиялық тағы да мәлімдеме жасады
Фото: Интернеттен алынды
217
оқылды
Алматыда болған оқиғаға байланысты тергеу пандемияға байланысты тергеу қашықтан онлайн форматта өтіп жатыр. Күдікті Мохаммед Баракат сотқа аудармашысымен бірге тергеу изоляторынан ZOOM бағдарламасы арқылы қатысып жатыр. Сондай-ақ отырысқа сотталушы мен жәбірленуші тараптың адвокаттары қатысты, – деп жазады Tengrinews.kz. Ол аудармашының көмегімен сот процесіне қатысушыларға үндеу жасады.
«Құрметті сот, айыптаулар тағылған құжаттармен толық келіспеймін. Прокурордың тергеу барысында дәлелдемелер таппаған осы айыптаулардың мазмұнын, атап айтқанда, қандай негіздерде және қандай себептермен тағылғанын түсіндіргенін қалаймын», – деді Мохаммед Баракат.
Ол орыс тілін білмейтіндіктен кей құжаттың мазмұнын, мағынасын түсінбейтінін айтты.
«Мен басқа елдемін, менде қажет құжаттар жоқ. Не болып жатқанын түсінбеймін. Мен Ұлыбритания азаматымын және орыс тілін білмеймін. Ағылшын тілінде түсіндіре алатын адамдар да жоқ. Проблемалар көп, кей құжатты аудармасыз алдым. Сотқа дейінгі тергеу барысында мен заңды құқықтарымды білмейтінімді және оның түсіндірілмегенін бірнеше рет айтқан болатынмын», – деді күдікті.
Айта кетейік, былтыр 24 қазанда InterContinental қонақүйінде болған еді. Таңғы сағат 06:00-де фойеде әйелдің қатты айқайлап жылағаны естілген. Кейін оның күйеуінің баланы қылғындырып өлтіргені анықталды. Бас жарақаттарын алған қыз оқиға орнында қайтыс болды. Күдікті – Лондонда туған 41 жастағы Мохамед Баракат, Hong Kong Air Cargo әуе компаниясының ұшқышы.