Құрбысының сөмкесінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды
Құрбысының сөмкесінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды
©Сурет интернеттен алынды
145
оқылды
Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғыны сыныптас құрбысына арызданады. Оның айтуынша, ас бөлмеде тұрған сөмкенің ішіндегі 3600 АҚШ доллардың жоғын байқап қалған. Өзінше іздеп едім, үй ішінен таба алмады. Содан ақшасының ұрланғанын сезіктеніп, полицейлерден көмек сұраған. Аталған жайт бойынша жедел-тергеу тобы құрылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті ретінде жәбірленушінің сыныптас құрбысы анықталып, ол өз үйінен ұсталды.
Тергеу барысында анықталғандай күдікті құрбысының үйіне қыдырып келіп, ешкімнің жоқтығын пайдаланып, сөмкедегі ақшаны жымқырып кеткен. Күдікті кінәсін толық мойындады. Ол долларды Шымкент қаласындағы ақша айырбастау пунктінен 1,5 миллион теңгеге айырбастап алып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.
Қазір айыпталуыша міндеттемемен босатылды. Дегенмен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.