Пневмонияға шалдыққан дәрігерлерге де 2-10 миллион теңге өтемақы төленеді
Пневмонияға шалдыққан дәрігерлерге де 2-10 миллион теңге өтемақы төленеді
Фото: Интернеттен алынды
217
оқылды
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді. Мұндай шешім COVID-19 бен короновирустық инфекция белгілері бар пневмония тізімі біріктірілгеннен кейін қабылданған. Басқарма басшысының айтуынша, ақ халатты абзал жандарға өтемақы алдағы екі апта ішінде беріле бастауы тиіс. Коронавирусқа шалдыққан медицина қызметкерлері аз емес. Тимур Мұратовтың айтуынша, бір ғана Нұр-Сұлтан қаласының өзінде бір мыңнан аса дәрігер ауырып, оның 20-сы қайтыс болған.
Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов: «Ауру жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 және 10 миллион теңге өтемақы тағайындау туралы құжат дайындалып жатыр. Оны келесі аптада арнайы комиссияға жолданады», – деді.
Елордалық бас дәрігердің айтуынша, індеттің күзде келетін кезекті толқынына отандық медицина сақадай сай. Осы күнде дәрі-дәрмек қоры толықтырылуда. Препараттардың бағасын қадағалауда назарға алынғанын, деді.  Еске сала кетейік, елде короновирустық инфекция жұқтырғандар саны 100 мыңнан асса, 76 мыңға жуық науқас аурудан айыққан. Ал қауіпті індеттен көз жұмғандар 1200-ден асты.