Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Жамбыл жаңа оқу жылына дайын ба?

Жаңа оқу жылы қашықтан оқытылатын болды. Қашықтан оқудың қандай қиын болғанын көз көрді. Орталықта бұл мәселе шешімін тапқан шығар. Бірақ өңірлерде компьютер жетіспеушілігі болып, оқушылардың интернетсіз қалай қиналғанын жақсы білеміз. Қыркүйекте қағылар алғашқы қоңырауды оқушылар қалай қарсы алады? Бұл мәселе биліктің де бас ауруына айналып отыр.

«Айқын» ақпарат
Тамыз 14, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
okyshi
38
қаралым

 

Қанша оқушы қашықтан оқып,
қаншасы мектепке барады?

Әрине, ең бастысы  – балалардың қауіпсіздігі. Сол себепті Үкімет жаңа оқу жылында мектеп оқушылары ішінара  қашықтан оқыту жүйесін сақтайтынын мәлімдеді.

Бүгін астанада бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды

Дыбыссыз режим: сабақ смартфонсыз өте ме?

Шымкентте мектеп директоры 8 жылға сотталды

Жамбыл облысы әкімдігі де қазір жаңа оқу жылына қызу дайындық жасап жатыр. Бұл жайын­да Өңірлік коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте  аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев баян етті. Облыс әкімінің сөзіне сүйенсек, жаңа оқу жылында өңір  бойынша 442 мектепте  234 700  бала оқиды деп күтілуде екен. Оның 26 400-і мектеп табалдырығын алғаш рет аттамақ.

– Әлемдік пандемияға байланысты оқу процесі екі түрлі форматта өтеді. Атап айтсақ, облыстың 275 мектебінде 215 400  оқушы қашықтан оқитын болса,  барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 167 мектептегі 19 300  оқушы дәстүрлі түрде білім алуды жалғастырады. Білім беру нысандары дезинфекциялау құралдарымен, сани­тарлық тазартқыштармен, тепловизорлар және басқа да қорғаныш құралдарының қажетті қорымен қамтамасыз етіліп отыр, – деді облыс әкімі.

Қашықтан оқыту  DarynOnlain  білім беру платформасының көмегімен жүзеге асырылмақ. Ал жұмыс істейтін немесе  үйде балаларына онлайн режимінде білім беруді ұйымдастыра алмайтын ата-аналар үшін қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, «кезекші 1-4 сыныптар» ашу мүмкіндігі қарастырылуда.

Сапалы қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін оқушылар мен мұғалімдерді компьютерлермен және интернетпен қамтамасыз ету мәселесі де  шешілуде. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының 134 800  немесе жалпы санының 57,4 пайызы дербес компьютерлермен және ноутбуктермен қамтамасыз етілген. Ал 99 800  (42,5%) оқушыда компьютер жоқ.

– Облыс мектептерінде 25 600  компьютер бар. Тағы 26 400  компьютер сатып алуға республикалық бюджеттен 4,1 миллиард теңге бөлінді. Қосымша 4 500  компьютер жергілікті бюджет есебінен  алынады. Сондай-ақ 23 мың роутер-модем сатып алу жоспарлануда.

Компьютер және интернетпен қамтамасыз етуде алдымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалар назарға алынады. Бұл санаттарға шамамен 40 мыңға жуық бала кіреді, – деді аймақ басшысы.

Айта кету керек, облыс оқушыларын оқу­лықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуге 2,9 миллиард  теңге бөлінген. Оқулықтарды үлестіру 25 тамызға дейін толығымен аяқталатын болады. Осылайша, жаңа оқу жылында мектеп оқушылары оқулықтармен 100 пайыз қамтылмақ.

 

Биыл 22 білім беру мекемесі салынуда

Биыл Жамбыл облысында білім саласында құрылыс қарқынды. 22 білім беру мекемесін салу­ға 10,1 миллиард  теңге бөлінген.  Олардың қа­тарында 15 мектеп, алты қосымша құрылыс және бір оқушылар сарайы бар. Бүгінде бір мек­тептің құрылысы аяқталса, жыл  соңына дейін 14 нысанды, оның ішінде 8 жаңа мектепті пайда­лану­ға беру жоспарлануда.

Осылайша, үш апатты, бір үш ауысымды, орын тапшылығы бар үш мектеп және екі ескі мектеп мәселесі шешілмек. Қалған екі апатты, сегіз үш ауысымды және орын тапшылығы бар бес мектептің түйткілінің түйіні   2021-2022 жылдары кезең-кезеңімен тарқатылмақ.

Атап айтсақ, Тараз қаласында 1 278 орындық төрт жаңа мектептің құрылысы жандануда.  Жобаның  жалпы құны – 2,8 миллиард теңге.

Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары мен жергілікті бюджет есебінен 42 мектептің күрделі, 53 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргі­зілуде. Бұл мақсатқа 8 миллиардтан астам теңге қарастырылған.

Бұдан бөлек, Таразда бюджеттен тыс қаражат есебінен жалпы құны 2,2 миллиард теңге болатын Оқушылар сарайының құрылысы да жүргізілуде.

 

Дәретхана мектеп ішіне орнатылып, 
оқушыларды камера бақылайды

Биыл мектептегі оқушылардың қауіпсіздігіне баса көңіл бөлінеді. Әсіресе, дәретханаларды мектеп ішінен орнатуға айрықша басымдық берілуде. Атап айтсақ, қазіргі таңға дейін 153 мек­тептің ішіне дәретхана орнатылып қойған болса, қалған 132-сінің мәселесі жаңа оқу жылына дейін шешілмек. Бұл мақсатта биыл жергілікті бюджеттен 1,1 миллиард теңге бөлініп, толықтай тетігін табуда.

– Жаңа оқу жылында мектеп оқушыларының қауіпсіздігін басты назарға алып отырмыз. Дәретхананы мектеп ішіне орнатудан бөлек, балабақшалар мен білім беру мекемелерін 100 пайыз бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етпекпіз. Нақтырақ айтсақ, 442 мектепке 5 977 ка­мера қойылатын болса, 411 балабақша да 4 245 камераның бақылауында болады.

Бұдан бөлек, қауіпсіздік турниктерін де орнатудамыз. Өткен жылы мұндай құрылғы 12 мек­тепке орнатылса, жаңа оқу жылына дейін қауіпсіздік турниктері 40 мектепке қойылады. Бұл құрылғы арқылы ата-ана баласының қашан мектепке кіргенін және қай уақытта қайтқанын бақылай алады. Осы ретте тағы бір айта кетерлігі, тамыз айының ішінде біз қоғамдық көліктерге де электронды билет енгізгелі отырмыз. Бұл арқылы да ата-ана баласының қай автобусқа қашан отырғанын біліп отырады, – дейді Бердібек Машбекұлы.

  

P.S.

Міне, осылайша Жамбыл облысы жаңа оқу жылына тас-түйін дайындықпен келуде. Әрине, бұл дүниелер статистикада ғана емес, іс жүзінде де толықтай жүзеге асады деп сенеміз. Ол үшін, әрине қала, аудан әкімдері мен білім беру мекемелеріне жіті бақылау қажет.

Әлемдік пандемия кезінде балалардың бір бөлігі қашықтан оқитынына  түсінікпен қараған абзал. Себебі бұл ең бірінші оқушылардың денсаулығы үшін маңызды. Ал мектеп қабырғасында оқуын жалғастыратындардың денсаулығын  биыл білім ордаларының ішінен ашылған медициналық пункттер қадағалайтын болады. Осы тұстан келгенде, біздің ұтарымыз көп болып  тұр. Ең бастысы, жаңа оқу жылы еш төтенше жағдайсыз  әрі қауіпсіз өтсе екен деп тілейміз.

 

Саятхан САТЫЛҒАН,
Жамбыл облысы

 

 

 
Тегтер: интернетқашық­тан оқумектепоқу жылы
Алдыңғы жаңалық

Журналист Бейсен Құранбектің бейнесі көпқабатты үйдің қабырғасына салынып жатыр

Келесі жаңалық

Қазақстанда 17 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмысы басталатыны белгілі болды

Ұқсас жаңалықтар

аяз
Қазақстан

Ауа райы: солтүстік өңірлерде қатты аяз болады

Қаңтар 24, 2021
Елорда
Жаңалықтар

Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер оқ атқан

Қаңтар 24, 2021
Макгрегор
Жаңалықтар

Хабиб Макгрегордың жеңілу себебін атады

Қаңтар 24, 2021
Дубай
Жаңалықтар

Дубайда әлемдегі ең биік карусель ашылды

Қаңтар 24, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауа райы: солтүстік өңірлерде қатты аяз болады

Қаңтар 24, 14:23

Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер оқ атқан

Қаңтар 24, 14:01

Хабиб Макгрегордың жеңілу себебін атады

Қаңтар 24, 13:57

Дубайда әлемдегі ең биік карусель ашылды

Қаңтар 24, 13:36

Жақында Димаштың жаңа бейнебаяны жарыққа шығады

Қаңтар 24, 13:13

Порье Макгрегорды техникалық нокаутпен жеңді – видео

Қаңтар 24, 12:55

Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Қаңтар 24, 12:32
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

аяз

Ауа райы: солтүстік өңірлерде қатты аяз болады

Қаңтар 24, 2021
Елорда

Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер оқ атқан

Қаңтар 24, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»