«Отметка» төлеуден шаршаған автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды
«Отметка» төлеуден шаршаған автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды
Фото: Almaty.tv
224
оқылды
  Себебі 30-ға жуық автобус жүргізушісі мардымсыз жалақы, есебі жоқ  төлемдерден шаршаған, – деп хабаралайды Almaty.tv. Тілші облысқа барып, мәселенің мән-жайын зерттеп келген. Оның айтуынша, кеше жүздеген облыс тұрғынының қалаға қатынуы қиындады. Көбісіне таксиге мінуге тура келді. Алматы – Қаскелең тас жолында қалаға қарай қол көтерген адамдар көбейген. Әдетте бұл жолаушылар 23 және 78- бағыттағы автобуспен діттеген жерлеріне жететін. Алайда аталған қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шығудан түбегейлі бас тартты. Олар айлықтарының негізсіз қысқарғанын айтады. 9 сағаттық жұмысымыз 13-14 сағатқа дейін созылады дейді. Жүргізушілер жолдағы әр қимылымыз үшін ақша береміз дейді. «Барлық» базарына кіріп-шыққан 200 теңге екен. Диспетчерлерге тағы тиын беруі қажет. Тіпті, айтуларынша, автобустың кейбір бөлшектерін де өздері сатып алады.
«500 теңге отырған диспетчерге береміз. Қоқысқа шейін төлейді жігіттер. Өз қалталарынан төлейді. Күніне бәрібір автобустар 7-8 шығыны кетеді. Мына жерде Қалқаман деген тұр. Ол жерде тағы «отметка» береді. Өтініш, ұстасын. Біз неге қалтамыздан береміз деп отыр ғой жігіттер», – деді қоғамдық көлік жүргізушісі Сейітбек Иманқұлов.
Ал, автопарк әкімшілігі бұл жайтты жоққа шығарды. Сонымен қатар, жүргізушілердің айлығы кесілмеді деп сендірді. Бірақ пандемия мен елде енгізілген карантин қаржылық жағдайға біраз өзгеріс әкелгенін айтады. Сондықтан сыйақыдан үнемдеуге тура келеді дейді. Оның үстіне жолаушылар саны азайған-мыс.
«Қаскелең автопаркі» ЖШС директорының міндетін атқарушы Арыстан Мананов: «Бұрын айтып отырмын ғой, күніне 900-1000 адамды таситын болса, қазір орташа 600 адамдай ғана. Енді соған байланысты паркке ақша түсімі азайып қалды. Бір жағынан айтып жатқаны дұрыс саналмаған. Балаларға айттым, бір күн маған беріңдер, мен санап беремін. Келіспегенді ары қарай заң жүзінде келістіруге болады», – деді.
Автопарк басшылығы тез арада жалақы мәселесін шешетінін айтып, жүргізушілермен бір мәмілеге келді. Содан кейін автобустар бағыттарына қайта оралды.   https://youtu.be/Bhq4NzUqG4M