Қазақстан дүниежүзілік рейтингте ЕАЭО-дағы ең бақытты ел атанды
Қазақстан дүниежүзілік рейтингте ЕАЭО-дағы ең бақытты ел атанды
Фото: Интернеттен алынды
315
оқылды
Зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 63,5% өз өмірлеріне көңілі толады, ал ауыл тұрғындарының басым бөлігі (72,6%) қала тұрғындарына (58,4%) қарағанда өз өмірлеріне анағұрлым разы екен. Мұнымен қоса, әйелдерге (58,5%) қарағанда ерлердің (61,8%) бақытты екені анықталған.  2020 жылғы бақыттылық деңгейі бойынша дүниежүзілік рейтингте (World Happiness Report) Қазақстан 10 сатыға көтеріліп, 153 елдің ішінде 50-орынға жайғасты. Осылайша, Қазақстан ЕАЭО елдері арасында бірінші орынға ие болды: одан кейін Ресей (73 орын), Қырғызстан (74-орын), Беларусь (75-орын), Армения (116-орын). Бұл – әлем елдеріндегі тұрғындардың бақытты болу көрсеткішін өлшейтін халықаралық зерттеу жобасы. Онда халықтың әл-ауқаты, өмір сүру ұзақтығы, азаматтық бостандығы, қауіпсіздігі, болашаққа деген сенімі, отбасылық тұрақтылық, жұмыс қауіпсіздігі, сыбайлас жемқорлық деңгейі, сондай-ақ қоғам жағдайының жанама көрсеткіштері ескеріледі. Рейтинг бойынша, Финляндияда ең бақытты адамдар тұрады. Бақытты он елдің қатарына Дания, Швейцария, Исландия, Норвегия, Нидерланд, Швеция, Жаңа Зеландия, Австрия және Люксембург кіреді. Finprom.kz. Зимбабведе, Оңтүстік Суданда және Ауғанстанда көбінесе бақытсыз адамдар тұратынын жазды.