Францияда аптап ыстықтан 1500 адам көз жұмған
Францияда аптап ыстықтан 1500 адам көз жұмған
5,096
оқылды

Францияда маусым мен шілдедегі аптап ыстықтан 1500 адам көз жұмған. Қаза тапқандардың басым көбінің жасы 75-тен асқан. Көз жұмғандардың ішінде балалар да бар. Бұл туралы жексенбіде денсаулық сақтау министрі Аньес Бюзен хабарлады.

2019 жылдың жаз маусымында Францияда екі рет төтенше аптап ыстық болды. 28 шілдеде ең ыстық ауа температурасы - 46 градус тіркелген. Жоғары ауа температурасы елдің оңтүстігінде Верарг қаласында (Монпельеден 30 шақырым) есепке алынған. Франциның өзге аумақтарында ауа температурасы +45 градустан түспеген.

2003 жылғы аптап ыстықтан кейін француз билігі бірнеше қауіпсіздік шараларын қабылдаған еді. Францияда 2003 жылы ыстықтан қаза тапқандардың максималды көрсеткіші тіркелген еді. Онда жалпы есепте 15 мыңға жуық адам бақилық болды.