Тұз бүйрекке зиян
Тұз бүйрекке зиян
©Сурет интернеттен алынды
Тұзды шамадан тыс пайдалану бүйрекке зиян келтіруі мүмкін. Дәрігердің айтуынша, қазір фастфуд пен жартылай фабрикат тағамдарды көп тұтынудың салдарынан адамдар тұзды мөлшерден көп пайдаланады. Маман бүйрек аурулары кезінде көбінесе симптомдар болмайтынын, сондықтан науқастар аурудың ауыр сатысында ғана ауруханаларға жүгінетінін айтып өтті.
Айтуынша, бүйрек ауруы кезінде әлсіздік, шаршау, ісіну, сондай-ақ артериялық гипертензия болады. Сонымен қатар қан қысымына қатысты проблемалар туындаған кезде бүйректі тексерту қажет екеніне тоқталды.