«5-10-20» бағдарламасы басталды
«5-10-20» бағдарламасы басталды
370
оқылды
«Шаңырақ» пилоттық жо­басы  «Нұрлы жер» мемлекеттік бағ­­­дар­лама­сы­ның жаңа бағыты­ның бірі. Оны ҚТҚЖБ жү­зеге асы­­­­рады. Банк жаңа бағдарлама игі­­лігін кім көре алатынын айт­ты. – Биыл «Шаңырақ» жобасы үшін бюд­жеттен 210 миллиард теңге бөлу жос­пар­ланған. Оның 90 млрд теңгесі біздің банк­ке түсті. Оған біз шамамен 7-8 мыңдай от­ба­сын баспанамен қамтуды жос­пар­лап отыр­мыз. Жылдық мөл­шер­­лемесі 5 пайыз­ға тең жеңіл­де­тіл­ген заем алу үшін бағ­дар­лама қа­­тысушысы әкімдікте үй кезе­гін­де тұруы қажет. Сондай-ақ кредит мөл­шерінің кем дегенде 10 пайы­зын­дай соманы бас­тап­қы жарна ре­тінде Тұрғын үй құрылыс жи­нақ бан­кіндегі шотында жинауы ке­рек. Несие 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі, – деді ҚТҚЖБ басқарма тө­райымы Ләззат Ибрагимова. «Шаңырақ» жобасы аясында ар­зан несиені ең алдымен бас­па­на­ға мұқтаж жан ретінде 1986 жыл­дан 2010 жылға дейінгі мер­зім­ді қоса алғанда әкімдік кезегіне тұр­ған Қазақстан азаматтары ала ала­ды. Содан кейін «Шаңырақ» жо­басын одан әрі не­сиелендіруге банк­тің қажетті қаражаты қал­са, бағ­дарламаның екінші кезеңінде әкім­діктер кезегіне кейінгі жыл­дары тір­келген азаматтар шақы­рылуы мүмкін. Бағдарлама аз қамтылғандарға ар­нал­ған: оған қатысу үшін соңғы 6 ай ішінде от­басының әр мү­ше­сіне шаққандағы ай­лық табысы 3,1 күнкөріс шегінен (2020 жыл­дың 1 сәуірінен бастап ол 32 668 тең-ге­ге тең) аспауы керек. Яғни, 2020 жылы от­басының әр мү­ше­сіне келетін табыс кө­лемі 101 271 теңгеден аспауы тиіс. Бағдарлама бойынша тек жаңа­дан тұр­ғызылған тұрғын үйді сатып алуға болады. Қайталама нарыққа бағ­дарланбаған. «Шаңы­рақ» бағ­дарламасы бойынша пәтер сала­тын құрылыс компанияларының тізім­ін hcsbk.kz сайтынан жүктеп алуға болады. Ал әкімдіктер тұрғызған не­сие­лік тұрғын үйлердің 1 шаршы мет­рінің бағасы Алматы қала­сын­да – 240 мың теңгеге дейін, Нұр-Сұлтанда – 220 мың теңгеге дейін, Шым­кентте және Алматының қала маңы аймақтарында – 200 мың теңгеге дейін, Ақтөбе, Аты­­рау, Ақтау, Түркістан, Қара­ғанды қа­­­лалары мен Қарағанды облы­сын­­да – 180 мың теңгеге дейін, бас­қа өңірлерде 160 мың теңгеге дейін тұрады.  

Айхан ШӘРІП