Психикалық ауытқуы бар адамдарға жүргізуші куәлігін бергендерді прокуратура анықтап жатыр
Психикалық ауытқуы бар адамдарға жүргізуші куәлігін бергендерді прокуратура анықтап жатыр
Фото: Интернеттен алынды
379
оқылды
Тексеру жүргізген прокурорлар жүйке жүйесі ауыратындар тізімінде тұрған 320 науқастың жүргізуші куәлігін алғанын анықтады. Психиатрлар жүйке аурулары арасындағы ең ауыры «параноидты шизофрения» екенін айтады. Мұндай диагноз қойылған адамдар мүгедектік алып, өмір бойына тіркеуде тұрады. Ал осындай диагнозбен бес ақтөбеліктің көлік жүргізуге құжат алғаны белгілі болды. Ісі сотқа жетіп, жүргізуші куәліктері жарамсыз деп танылды. Прокурорлар мұндай куәліктерді кімнің оңды-солды таратып жүргенін нақты айта алмайды. Қазір аталмыш фактіге қатысты арнайы комиссия құрылды.
Алматы ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Есет Әзімов: «Психикалық есепте тұрған адамдардың тізімін алдық та, салыстырдық. Жүргізуші куәлігін алғандарды, уақытын  және т.б.  салыстырғанда, куәлік алған 320 психикалық есепте тұрғандар бар екені анықталды», – дейді.