Бітімгерлер БҰҰ медалімен марапатталды
Бітімгерлер БҰҰ медалімен марапатталды
219
оқылды

Ливандағы екінші қазақстандық бітім­гер­ші­лік ротасының әскери қызметшілері БҰҰ-ның «Бейбітшілік қызметінде» медаліне ие болды.

Жүлдені жиынтық рота­ның жеке құрамына БҰҰ уақытша күштері шта­бының бастығы табыс­тады. Медальдің арт­қы жағында IN THE SERVICE OF THE PEACE деген бедерлі жазу ор­наласқан. Бұл «бей­біт­ші­лік қызметінде» деген мағынаны білдіріп, БҰҰ мис­сиясына қатыс­қанын дәлелдейді. Мін­дет­­терді орындау бары­сын­да біздің бітімгершілік рота «кәсіпқой бітімгер» мәртебесіне ие болды.

Қазақстан мен Үндістан Үкіметі арасындағы «Үнді батальонының құрамына қазақстандық бітімгершілік контингентін орналастыру тәртібі туралы» келісімге сәйкес екінші бітімгершілік рота «Ливандағы БҰҰ уа­қыт­ша күштері» миссия­сы­на қатысуға алты ай мерзімге бірінші ротаны ауыстыру үшін жіберілген еді. 2019 жылдың қараша айында бітімгерлер құра­мы елге оралып, оларды алмастыруға үшінші бітім­гершілік рота аттана­ды.

Бұған дейін қазақ­стан­дық әскерилер тек бақы­лау­шы­лар ретінде қатыс­қан еді.

Жалпы, Қазақстан бей­бітшілік пен қауіп­сіз­­дікті нығайту жөнін­дегі бас­та­ма­лардың жақ­тау­шы­сы және белсенді қа­ты­­сушысы екенін айта кеткен жөн. Бітім­гер­­шілік әлеуетін дамы­ту – Қа­зақ­стан Қарулы Күш­те­рін ал­дағы уақытта дамы­тудың маңызды мін­дет­те­рі­нің бірі.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Израиль әскері Ливан аумағына зымыран соққысын жа­саған болатын. Осыған бай­ланысты БҰҰ бөлім­ше­лерінің құрамына кіретін Қазақстанның екін­ші бітімгершілік ротасы ар­найы міндеттемелерге сәй­кес тапсырмаларды орын­­дау үшін толық жа­уын­герлік әзірлікке кел­ті­ріл­ді.