Елорданың алғашқы тұрғындары газдандыру үшін құжаттарын алды
Елорданың алғашқы тұрғындары газдандыру үшін құжаттарын алды
144
оқылды
Елордада 4 тамыздан бастап жеке меншік үй иелерінен газбен жабдықтау жүйесіне қосылуға өтінімдер қабылданып жатыр. Осы мақсатпен арнайы 3 кеңсе ашылды. Мұнда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өкілдері азаматтарды қабылдайды. Газбен жабдықтау желілеріне қосылуға өтінімдер Көктал, Көк­тал-2, Железнодорожный, Про­мышленный, Агроқалашық ық­шам­аудандарының тұрғында­рынан қабылданады. Жеке тұлғалардың өз үйлерін газбен жабдықтау желілеріне қо­су үшін ұсынатын құжаттар тізімі бекітілді. «Жылыту маусымының бас­талуына аз уақыт қалды, сон­дық­тан техникалық шарттарды алып, үйлерді газға қосу жұмыс­тарын жеделдету керек», – деп ескертеді газ мамандары. «Сарыарқа» ауданының тұр­ғындарына техникалық шарттар «Көктал» ықшамауданы, Бола­шақ көшесі, 4/2 мекен­жайындағы кеңседе беріледі. Ал газдандыру жүргізілетін «Алматы»  ауданы­ның тұрғындары Желез­нодорож­ный ықшамауданы, Ж.Жабаев көшесі, 12/2 және Промыш­лен­ный ық­шамауданындағы Шал­көде 3 ме­кенжайында орна­лас­­қан кең­се­лерге хабарла­суы тиіс. Кеңсе­лердің жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Мұнда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлерінен басқа қала­лық және аудандық әкім­діктер мен мердігер мекемелердің өкілдері де жұмыс істейді. – Қала тұрғындары газға қо­сылуға үлкен қызығушылық та­ны­тып отыр. Біздің кеңсеге күні­не 60-қа жуық адам келеді. Біз газға қалай қосылуға болаты­нын түсіндіреміз. Бүгін қажетті құжат­тарды толық тапсырған тұрғын­дарға техникалық шарттар бе­рілді. Техникалық шарттар те­гін беріледі, – деді Көкталдағы кең­­­­седе жұмыс істейтін «Қаз­Транс­Газ Аймақ» АҚ менед­жері Айдын Шаймерденов. Өтініштерді тек жеке тұлғалар ғана емес, газдандырылатын ау­мақ­тарда орналасқан кәсіп иеле­рі – заңды тұлғалар да бере ала­ды.  

Алтынбек ТОЛЫМБЕКОВ, Нұр-Сұлтан