Жаңаарқа қымызы рекордтар кітабына енгізілмек
Жаңаарқа қымызы рекордтар кітабына енгізілмек
444
оқылды

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Атасу кентінің «Қарауыл төбе» той алаңында Жаңаарқа қымызын Гиннестің рекордтар кітабына енгізілмек. Бұл күні 10000 литр Жаңаарқа қымызын бір мезетте 1000 күбіге құйып, піседі.

Айтулы шара қазақтың ақиық ақыны, жалынды жазушысы, қоғам, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуы мен  Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр.  
Торқалы тойға 12 ауыл мен 2 кенттің қымыз өндірушілері қатысады. Қазақтың ұлттық киімін  киген азаматтар «Жаңаарқа вальсі» әнін орындап, бір мезетте 1000 күбіге 10 000 литр қымызды қымыз құйып піседі.
 Жаңаарқа қымызын Гиннестің рекордтар кітабына енгізу аясында бауырсақ пен палау фестивальдері ұймдастырылып, жиналған қымыз тегін таратылады. Шығармашылық ұжымдар үлкен концерттік бағдарлама ұсынады.