Мәжілістің қарауында 45 заң жобасы бар
Мәжілістің қарауында 45 заң жобасы бар
392
оқылды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Парла­мент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы фракциясының қа­зіргі қызметі мен жұмыс жос­парлары туралы ақпарат берілді.

– Қазіргі таңда Мәжілістің қарауында 45 заң жобасы бар. Барлық 3 фракция жұ­мы­сына кірісті. Біздің фрак­ция­ның алдына Сіздің тапсыр­маларыңыздың, сайлауалды уәделердің орындалуы мен «100 нақты қадам» Ұлт жос­парының жүзеге асуын сапалы бақылау міндеттері қойылды, – деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар Елбасыға Еуропа мен Азия елдері пар­ламенттері спикерлерінің кеңесіне дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

– 24 қыркүйекте өтетін спикерлер оты­рысына әлем­нің 65 елінен келген деле­гат қатысады. Елімізде мұн­дай жоғары деңгейдегі парламент­тік іс-шара соңғы 20 жылда алғаш рет өткізіліп отыр. Еу­ропа және Азия елдері пар­ла­менттері спикерлерінің биылғы кездесуі Сіздің еура­зия­лық интеграция туралы идеяңыздың 25 жылдығына арналған», – деді Мәжіліс төрағасы.