Данэлия Төлешова АҚШ-тағы таланттар шоуында жартылай финалға өтті
Данэлия Төлешова АҚШ-тағы таланттар шоуында жартылай финалға өтті
Фото: Интернеттен алынды
130
оқылды
Жартылай финалға өткендер көрерменнің дауысы арқылы таңдалды. Дауыс беру АҚШ-тағы NBC сайтында өтті.
«Лос-Анджелесте жанымда анам және ұстазым Наталия Александровна бар. Біз сахнаға шығардың алдында қатты қобалжыдық. Мен академиялық педагог Гүлзат Даурбаевамен қосымша дайындалдым. Ауырып та қалдым. Бақытымызға орай, бәрі тез өтті. Баршаңызға рақмет! Қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз. Толқып тұрғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Керемет! Шабыт сыйлайды. Келесі турға дайындаламын», – деп қуанышымен бөлісті Данэлия Төлешова.
Ал әзірге America’s Got Talent жартылай финалының уақыты мен Данэлия Төлешованың қандай композияция орындайтыны нақты белгіленген жоқ.