Праймериз лайықты кандидаттарды таңдауға көмектеседі
Праймериз лайықты кандидаттарды таңдауға көмектеседі
132
оқылды
 «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров шаһардағы праймериздің өту барысы туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтып өтті.
«Саяси өзгерістер мен жаңа көшбасшылар үшін уақыт келді. Қазақстандық қоғамда жаңа тұлғалар мен идеяларға сұраныс пайда болды. Сондықтан бұл жолы біз жастар мен әйелдерді өз қатарымызға тартуға ерекше көңіл бөлеміз. Тіпті праймеризді өткізу ережесінде тізімде әйелдердің кемінде 30 пайызы және 35 жасқа дейінгі жастардың кемінде 20 пайызы болуы тиіс деп жазылған. Осылайша, праймериз ең лайықты кандидаттарды таңдауға көмектеседі. Олар өз кезегінде ел тарихында ізін қалдырады деп ойлаймын» деді «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров.
Праймериз 5 кезеңнен тұрады: кандидаттарды ұсыну және тіркеу; кандидаттарды үгітке даярлау; үгіт жұмыстары; дауыс беруді өткізу; тізімдерді дайындау.
«Кандидаттарды тіркеудің бірінші кезеңі басталды. Ол 28 тамызға дейін жалғасады. Бүгін сағат 10.00-ге дейін Алматыда 96 үміткер тіркелді, оның  30%-ы әйелдер, 25%-ы жастар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар, көпбалалы аналар, еріктілер және басқалар бар» деді ол.
Тіркеу аяқталғаннан кейін 30 тамызда партияның праймеризіне қатысуға өтініш берген азаматтардың есімдері бар толық тізім жарияланады. 7 қыркүйектен 3 қазанға дейін кандидаттар үгіт жұмыстарын жүргізеді. Осы кезеңде 14-30 қыркүйек аралығында карантинге байланысты барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жария пікірсайыстар өткізу жоспарлануда. Электронды дауыс беру 1-3 қазан аралығында жаңа ақпараттық жүйе арқылы онлайн режимінде өтеді. Ол «Праймериз» деп аталады. Алматыда партия мүшелерінің саны 60 мыңнан асады – бұл қала сайлаушыларының 7%-ға жуығы. (Қазақстанда 900 мың партияластар бар). Жалпы, партия мүшелері үш жолмен дауыс бере алады:
  1. Мобильді қосымшаның көмегімен;
  2. Сайтта;
  3. Сайлау учаскелерінде.
Онлайн дауыс беру мүмкіндігі жоқ адамдар үшін сайлау учаскелерінде дауыс берудің дәстүрлі форматы қарастырылған. Әрине, олардың арасында әртүрлі себептерге байланысты жаңа технологиялардың көмегімен дауыс бере алмайтын адамдар бар. Бұл жағдайда олар сайлау учаскесіне дауыс берудің соңғы күні – 3 қазанда келіп, өз таңдауын қалдыра алады. Бірақ қағаз бюллетеньдер болмайды. Электронды дауыс беру жүйесі орнатылған компьютерлер болады. Сайлау учаскелері бастауыш партия ұйымдарының ғимараттарында жұмыс істейді. Олардың тізімі ресми интернет ресурстарда қосымша жарияланады. Праймериздің өткізілу тәртібімен жіті таныстырған «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров барлық үміткерлерге сәттілік тіледі.

 Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ