Әу баста прокуратура 12 жылға соттау туралы ұсыныс жасаған
Түркия құрамасы мен «Барселонаның» бұрынғы футболшысы Арда Тұранға әйгілі түрік әншісі Беркай мен оның сүйіктісіне шабуыл жасағаны үшін сот шешімі шықты.
Сот Тұранды екі бап бойынша айыптап, екі жыл, сегіз ай жаза кесіп, оны бес жыл бойы шартты түрде өтеу туралы шешім шығарған.
Футболшы Беркайдың сүйіктісіне интимді қатынас ұсынғаны үшін айыпталған. Алайда ол бұл айыптауды мойындамаған.
Әу баста прокуратура 12 жылға соттау туралы ұсыныс жасаған. Ол сексуалдық мәндегі қатынас ұсыну, жарақат салу туралы әрекет, қоғамдық қауіпсіздік тудыру, рұқсатсыз қару ұстап жүру бойынша айыпталған.Қазір 32 жастағы футболшы «Стамбұл Башакшехир» командасының намысын қорғайды. Негізгі құқығы «Барселонаға» тиесілі.