Футбол көргені үшін сотталған ирандық әйел өз-өзін өртеп жіберді
Футбол көргені үшін сотталған ирандық әйел өз-өзін өртеп жіберді
98
оқылды

Ол ер адам кейпінде стадионға кірмекші болып, ұсталып қалады

Ирандық Сахар Ходаяри есімді әйел өз-өзін өртеп ауруханада көз жұмған. Әйел футболға деген махаббаты кесірінен өмірімен қош айтысты.

Ол ер адам кейпінде стадионға кірмекші болып, ұсталып қалады. Оның осы әрекетіне қатысты сот отырысы өтіп жатқан кезде әйел өз-өзін өртеп жіберген. Оқиға ел астанасы Тегаранда болыпты.

Сот әйелдің әрекеті үшін оған 2 жылға дейін жаза кеспекші болған. Ол тура сот ғимаратынан шыға берісте өзін өртеген. Бірнеше күн өткен соң әйел ауруханада қайтыс болыпты.

Иранда әйелдердің спорттық шараларға қатысуына, тамашалауына рұқсат жоқ. Мұндай тыйым елде 1981 жылдан бері бар.