Нұротандық Жұмахан көпбалалы отбасыға баспана салып беруге кірісті
Нұротандық Жұмахан көпбалалы отбасыға баспана салып беруге кірісті
177
оқылды
Көп балалы отбасылар қоғам байлығы. Оларға қанша және қандай көмек көрсетілсе де артық емес. Өйткені, ұрпақ жалғастығы қай ұлт үшін де өте маңызды болып қала бермек. Осындай ұрпақ жалғастығын бірінші орынға қойып көп балалы отбасы атанып отырған Жамбыл облысы, Талас ауданы, Тамды ауылының тұрғыны Нұрсұлтан Күзембаев баспанаға мұқтаж көп балалы отбасылардың бірі. Ел игі жақсылардан кенде емес. Осы уақытқа дейін ауылға мешіт соғып, шағын футбол алаңын тарту еткен «Nur Otan» партиясы Талас аудандық филиалына қарасты «Тамды» бастауыш партия ұйымының төрағасы Жұмахан Танкебаев, көпбалалы Нұрсұлтан Күзембаевтың отбасына баспана салып беруді қолға алып отыр. Қазіргі таңда жер телімін рәсімдеп, құрылыс жұмыстарына қажетті заттармен көмек көрсетіп, игі істі бастап  кетті. «Бір қозы дүниеге келсе, бір түп жусан артық шығады» деген бар. Текті жұрттың бар тілегі – ұрпағының амандығы. Бастауыш партия ұйымының төрағасы Ж.Танкебаевтың игі істері де осы ұстанымда.