Әшімбаев пен Тайжан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамынан шығарылды
Әшімбаев пен Тайжан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамынан шығарылды
159
оқылды
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамына кезекті ротация жасалды,-  деп хабарлайды Ақорданың Facebook-тегі парақшасында.
«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына бірқатар азаматтық қоғам өкілдері – «Дос» тәуелсіз өмір орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Ерділдинова, Atameken Business Channel телеарнасының бас директоры Қанат Сахариянов, журналист, блогер Өркен Кенжебек, медиа сарапшысы Максим Рожин, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров енгізілді»,-делінген хабарламада.
Ротация аясында Кеңес құрамынан Д.Әшімбаев, М.Тайжан, С.Құттықадам, Б.Мусин және Ж.Қожық шығарылды.