Елімізде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы өседі
Елімізде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы өседі
161
оқылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны көбейтеді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова ҚР Әділет министрлігі Заң жобалық қызмет мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия отырысында «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

«Әлеуметтік әділдік ұстанымын қамтамасыз ету мақсатында асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар көлемін қайта қарау, асыраудағы әрбір теңдей үлес қарастыру ұсынылады», - деді вице-министр.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта мемлекет асырауындағы адамдар көбейген сайын жалпы жәрдемақы көлемінде олардың үлесі азая береді.

«Асыраудағы әрбір адамға бірыңғай сома белгілеу мәселесі қарастырылып жатыр. Қазіргі заңнамада тек индексация қарастырылған. Яғни, бір адамға берілетін қаржы көлемі 0,86 болса, екі адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,25 ғана беріледі. Енді біз бір адамның көрсеткіші 0,86 болса, қаржы көлемін барлығына бірдей осы сомада белгілеуді ұсынамыз. Осылайша, бала санына сәйкес, көрсеткіш те өсе береді», – деді С. Жақыпова.