Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатын сәтті бастады (видео)
Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатын сәтті бастады (видео)
151
оқылды

Әлем чемпионаты 22 қыркүйекке дейін жалғасады

Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жектерін сәтті бастады.

63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Зәкір Сафиуллин әзірбайжандық Бақтияр Ғазибаевты жеңді.

«Турнирдің алғашқы кездесуі қашанда қиын. Бұл қарсыласпен бұрын-соңды кездеспегем. Бұл мен үшін жаңа салмақ. Мен 60 келіден ауыстым. Ал ол 64-те өнер көрсеткен. Әлем чемпионатындағы мақсатым – тек бірінші орын алу» деді Зәкір кездесуден соң.

Сафиуллин 2015 және 2019 жылдары Азия чемпионатында күміс алды. Ал 2015 жылы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшыраған. Зәкір келесі жекпе-жегін 14 қыркүйек күні өткізеді.

Сондай-ақ 81 келіде жұдырықтасқан Бекзат Нұрдәулетов те оңтүстік кореялық Хонг Ингті жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Еске салсақ, әлем чемпионаты 8 қыркүйекте басталған. 22 қыркүйекке дейін жалғаспақ. Турнирге әлемнің 91 елінен 488 боксшы қатысып жатыр.

https://youtu.be/8TQqjakW1gI

https://youtu.be/LS0Ow9hU3Po