Махаббат хикаясымен көпшілікті таңғалдырған Марлен Нұрғасеновті Атырау полициясы іздеп жатыр
Махаббат хикаясымен көпшілікті таңғалдырған Марлен Нұрғасеновті Атырау полициясы іздеп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
261
оқылды
Әлеуметтік желілерде 25 жастағы Марлен Нұрғасеновке ҚР қылмыстық кодексінің 106-бабы «Ауыр дене жарақатын қасақана келтіріп, салдарынан абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қылмыс жасағаны үшін күдікті ретінде іздестіру туралы» ақпарат тарап жатыр.  Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Атырау облысының Құлсары қаласында 15 тамызда сағат 19:00 шамасында 35 жастағы ер адамның өлімі туралы хабарлады. «Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция төрт күдіктіні анықтап, қазір іздеуде», – деді Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.  width=Еске салайық, Құлсары қаласынан келген жастар Марлен мен Анельдің махаббат хикаясына әлеуметтік желідегі жұрт сүйсініп, таңғалған. Анель 16 жасында қатты ауырып қалады. Жеті жылға жуық  өмір мен өлімнің арасында жатты. Осы жылдар ішінде Марлен сүйіктісінің жанында болып, 10 кг оттегі баллонын көтеріп жүрді. Онымен бірге ауруханада жатып, барлық уақытта оның жанынан табылды. Ktk.kz-тің жазуынша, қазір Марлен Нұрғасеновпен бірге тағы үш адам іздеуде.