АҚШ полицейлері қара нәсілді жігітке оқ атқан
АҚШ полицейлері қара нәсілді жігітке оқ атқан
фото: ашық дереккөз
178
оқылды
АҚШ-тың Луизиана штатында полиция қызметкерлері ұстау кезінде қара нәсілді жігітті атып өлтірген. Құқық қорғаушылар бұл оқиғаны полицияның зорлық-зомбылығының тағы бір мысалы деп санайды, - деп жазады РИА Новости. Луизиана штатының Лафайет қаласында болған атысты куәгерлер видеоға түсіріп алған. Дереккөз мәліметінше, ұсталған кезде ол қашып кетуге тырысқан, содан кейін полиция қызметкерлері электршокерлерді қолданған, бірақ бұл шаралар еш нәтиже көрсетпеген. Сол сәтте полиция оған оқ жаудыра бастаған. 31 жастағы Трейфорд Пеллерин сол жерде қаза тапқаны айтылады. АҚШ полицейлері қазіргі уақытта тергеу шараларын жүргізіп жатыр.